RU

Түрік тілінде еркін сөйлеген Жансейіт Түймебаевқа жұрт сүйсінді

Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Жансейіт Түймебаев аудармашыны қажет етпеді. Қоғамдық қабылдауға көмек сұрап келген түрік ұлтының азаматымен түрік тілінде еркін сөйлесті деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Жансейіт Түймебаев "Нұр Отан" партиясының облыстық филиал ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Түрлі шағымдарымен келген тұрғындарды "армандар орындалады" деп сендірген аймақ басшысы əрі партияның облыстық филиал төрағасы Түймебаев түрік тілін жетік меңгергенін байқатып қойды.

Асан Дурсынов есімді кəсіпкер жерлесі Мейіржан Қалқабаевпен бірге Төлеби ауданы, Киелі тас ауылындағы "Айланба" каналын толыққанды жөндеуден өткізуді сұрады.

"Өздеріңіз білесіздер, мен қазір аудандарды аралап жатырмын. Су қажет. Көптеген аудандарда суландыру мəселесі бар. Сіздердің айтып отырған каналдан хабарым бар. Оған қаржы бөлуді жоспарлап отырмыз. Кез-келген жобада бірінші сметалық құжаты түзіледі", - деген аймақ басшысы өтінішпен келген тұрғынмен түрік тілінде сөйлесті.

Мұнан соң тұрғындарға тату-тəтті өмір сүруге тілектес екенін жеткізді. Еске сала кетсек, Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Түймебаев бұған дейін де түрік тілінде еркін сөйлескен.

Яғни, "Бəйтерек" ұлттық холдингінің басқарма төрағасы Ерболат Досаевтың Шымкентке жасаған сапарында индустриалды аймақтағы кəсіпкерлермен кездесу кезінде қолына тəспі ұстап, түрікше сөйлесіп көзге түскен.

Сонымен қатар аймақ басшысы өзі басшылық ететін облыстағы түрлі жиындарда Түркия елін салыстырмалы түрде жиі айтып жүр. Айта кетейік, Жансейіт Түймебаев əкімдік қызметке дейін алты жыл Қазақстанның Түркия еліндегі Төтенше жəне өкілетті Елшісі қызметін атқарған.

Тағы оқыңыздар:

Ресей шенеуніктердің балаларына шетелде оқуына заңмен тыйым салмақшы

Ет жақынынан айырылғандар дастарханды неліктен жайнатып қояды?

Еліміздің басым бөлігінде тұман мен бұрқасын болады

Алматы облысында 70 жастағы 9 баланың анасы адам сенгісіз қиын жағдайда өмір сүруде (фото)

Шымкентте жойқын жарылыс болып, бір адам үйінді астында қалып қойды

Алматыда 32 жастағы әйел 15 жезөкшені күштеп, құлдықта ұстаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1318399-turik-tilinde-erkin-soylegen-zhanseyi.html