RU

Құрылысшылардың көз алдында "ЭКСПО-2017" аумағындағы нысан опырылып түсті (фото, видео)

Астанада құрылысшылардың көз алдында "ЭКСПО-2017" көрмесі аумағындағы нысандардың бірі опырылып түсті, деп хабарлайды NUR.KZ.

Павильондар арасындағы аралық жабын опырылып түскен. Апаттың неден болғаны әлі белгісіз. Қазіргі таңда қолда бар ақпарат бойынша, ғимаратты BI Group компаниясы салып жатыр.

NUR.KZ тілшісі оқиға орнына барып, бәрін өз көзімен барып қайтты. "Астана Экспо-2017" ҰК АҚ-ның жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Сергей Куяновтың айтуынша, BI Group басшылығы жобалаушыны шақырып, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ұлттық компания ғимаратты әлі пайдалануға қабылдап алған жоқ.

Видео: Николай Костенко

Тағы оқыңыздар:

Əсет Мəмбетов Олимпиада медалін қайтарып бермейтінін айтты

Ақтауда үш адамды өлімнен құтқарған сарбазды соттағалы жатыр

Полицияға емшектегі сәбиді аяусыз ұрған әйелге қатысты біраз мәліметтер белгілі болды

Түрік тілінде еркін сөйлеген Жансейіт Түймебаев елді өзіне қаратты

Өзбек азаматы "Ислам мемлекетіне" қосыл деп үгіттеген әйелін полицияға ұстап берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1318713-astanada-ekspo-aumaghyndaghy-ghimarat-o.html