RU

ШҚО-да -30 градус аязда далада түнеген малшы аман қалды (фото)

Шығыс Қазақстан облысында малын іздеуге шыққан тұрғын адасып қалып, бір тәулік бойы 30 градустық аязда далада қалып қойған деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.

Құтқарушылардан оның туыстары көмек сұрағаннан кейін іздеу жұмыстары жүргізілді деп хабарлайды ШҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Телефон байланысы өте әлсіз болғандықтан біразға дейін ер азамат байланысқа шыға алмаған. Дегенмен, кешке жақын ол туыстарына хабарласып, өзінің адасып кеткенін айтыпты. Ал, шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізуге боран кедергі болған.

Осы күннің ертесіне құтқарушылар Қыземшек ауылынан 15 шақырым қашықтықта 50 жастағы ер азаматты тапты. Онымен бірге ірі қара мал болған. Бір тәулікке жуық уақыт малшы ас-сусыз 30 градустық аязда далада көмек күтіп отырған екен.

Адасқан азамат аман-сау, дәрігерлердің көмегінен бас тартқан. Құтқарушылар оны үйіне сиырларымен бірге жеткізіп берді.

Тағы оқыңыздар:

Əсет Мəмбетов Олимпиада медалін қайтарып бермейтінін айтты

Ақтауда үш адамды өлімнен құтқарған сарбазды соттағалы жатыр

Полицияға емшектегі сәбиді аяусыз ұрған әйелге қатысты біраз мәліметтер белгілі болды

Түрік тілінде еркін сөйлеген Жансейіт Түймебаев елді өзіне қаратты

Өзбек азаматы "Ислам мемлекетіне" қосыл деп үгіттеген әйелін полицияға ұстап берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1318799-shqo-da-malshy-30-gradus-ayazda-dalada-tune.html