RU

Қазақстан туристер үшін Сирия, Ауғанстан, Пәкістан секілді қауіпті елдердің тізіміне енді

International SOS және Control Risks компанияларының сарапшылары 2017 жылы туристер үшін қауіпті болатын елдердің тізімін жасады деп хабарлайды reactor.inform.kz.

Сарапшылардың пікірі бойынша саяхатшылар үшін 2017 жылы ең қауіпті Томбукту, Гао, Мали мен Судан болмақ. Сондай-ақ қауіпті елдердің қатарында Ливия, Сомали, Сирия, Йемен, Ауғанстан, Конго, Пәкістан мен басқа елдер бар.

Туристер үшін орташа қауіпті деңгейдегі елдер тізіміне Ресей, Украина, Қазақстан, Монғолия, Үндістан, Сауд Аравиясы, Бразилия енген.

Қауіптілігі төмен елдердің тізімінде Франция, Испания, Италия, Польша, Белоруссия, Түркия, Канада мен АҚШ тұр.

Ал Норвегия, Швеция, Финляндия, Исландия мен Дания ең қауіпсіз мемлекеттер санатына тұрақтаған.

Сарапшылар қауіптілік деңгейін бағалау үшін терроризм, көтеріліс, соғыс, әлеуметтік қақтығыс пен қылмыстылықтың жалпы деңгейін назарға алған. Сондай-ақ әр елдегі кедейшілік, табиғи апаттар мен көлік инфрақұрылымы ескерілген.

Тағы оқыңыздар:

Құрылысшылардың көз алдында "ЭКСПО-2017" аумағындағы нысан опырылып түсті (фото, видео)

Əсет Мəмбетов Олимпиада медалін қайтарып бермейтінін айтты

ШҚО-да -30 градус аязда далада түнеген малшы аман қалды (фото)

Қытайдың АҚШ-тағы смартфондар арқылы тыңшылық ететіні әшкере болды

Еліміздегі салықтың 500 есе артуы кәсіпкерлердің қалтасына салмақ түсірді

Ақтауда ер адам балабақшаға баса көктеп кіріп, бүлдіршіндерді қырып саламын деп қорқытқан

Трамптың жеңісіне көңілі толмаған АҚШ халқы сайлау жүйесін түбегейлі өзгертуді талап етпек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1318876-qazaqstan-turister-ushin-siriya-aughans.html