RU

Обаманың әйелін маймылға теңеген әкім қызметінен қуылды

Батыс Вирджиния штатындағы Клей қаласының әкімі Беверли Уэйлинг Фейсбукте Мишель Обамаға қатысты пікір жазып, жұмысынан қуылды деп хабарлайды reactor.inform.kz.

Дәлірек айтқанда, жергілікті Clay County Development Corp компаниясының директоры Памела Тейлор Барак Обаманың жұбайы Мишель Обаманы «биік өкше киген маймылға» теңеп, жазба қалдырған. Құрбысының осы жазбасына әкім ханым «Пэм, сен мені қуанттың» деп пікір жазған.

Осыдан кейін қос келіншектің тарапына айтылған сын қарша бораған. Тэйлор әкімшілік еңбек демалысына кетуге мәжбүр болса, Уэйлинг кешірім сұрап, қызметінен кеткен.

Қазір қалалық кеңес әкім ханымның орнына адам іздеп жатыр. Уэйлингтің өкілеттігі үш жылдан кейін аяқталуы тиіс болған.

Тағы оқыңыздар:

Құрылысшылардың көз алдында "ЭКСПО-2017" аумағындағы нысан опырылып түсті (фото, видео)

Əсет Мəмбетов Олимпиада медалін қайтарып бермейтінін айтты

ШҚО-да -30 градус аязда далада түнеген малшы аман қалды (фото)

Қытайдың АҚШ-тағы смартфондар арқылы тыңшылық ететіні әшкере болды

Еліміздегі салықтың 500 есе артуы кәсіпкерлердің қалтасына салмақ түсірді

Ақтауда ер адам балабақшаға баса көктеп кіріп, бүлдіршіндерді қырып саламын деп қорқытқан

Трамптың жеңісіне көңілі толмаған АҚШ халқы сайлау жүйесін түбегейлі өзгертуді талап етпек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1318904-obamanynh-ayelin-maymylgha-tenhegen-aki.html