RU

Ақтөбеде ұстазын балағаттаған оқушы 15 мың теңге төлейтін болды

Ақтөбеде мектеп дәлізінде ұстазын балағаттаған жасөспірімге айыппұл салынды. Бұл жөнінде облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Керек-инфо хабарлайды.

Оқиға Ақтөбедегі мектептердің бірінде болған. Сотта анықталғандай, кәмелетке толмаған ер бала айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, мектеп дәлізінде мұғалімді балағаттаған. Ұсақ бұзақылық жасаған мектеп оқушысының үстінен әкімшілік іс қозғалды.

Әкімшілік іс Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Мектеп оқушысы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 435-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Оған 15 мың теңгеге жуық айыппұл салынып, қаражат мемлекет пайдасына өндірілді. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Құрылысшылардың көз алдында "ЭКСПО-2017" аумағындағы нысан опырылып түсті (фото, видео)

Əсет Мəмбетов Олимпиада медалін қайтарып бермейтінін айтты

ШҚО-да -30 градус аязда далада түнеген малшы аман қалды (фото)

Қытайдың АҚШ-тағы смартфондар арқылы тыңшылық ететіні әшкере болды

Еліміздегі салықтың 500 есе артуы кәсіпкерлердің қалтасына салмақ түсірді

Ақтауда ер адам балабақшаға баса көктеп кіріп, бүлдіршіндерді қырып саламын деп қорқытқан

Трамптың жеңісіне көңілі толмаған АҚШ халқы сайлау жүйесін түбегейлі өзгертуді талап етпек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1318981-aqtobede-ustazyn-balaghattaghan-oqushy-15.html