RU

10 жасында ұзатылған ирандық қыз азапты өмірін баяндады

Жер шарында әр жеті секунд сайын жасы 15-ке толмаған бір қыз еркінен тыс күйеуге беріледі. Иранның орталықтан қашық кейбір аймақтарында да қыздарын жастай тұрмысқа беру үрдісі жалғасып келеді.

Басында бұл әдемі махаббат хикаясы сияқты көрінеді. Иранның бір ауылында қатар өскен ұл мен қыз өсе келе шаңырақ құрған. Тек 15 жастағы Әлиге тұрмысқа шыққанда Лейла бар болғаны 10 жаста еді деп хабарлайды Азаттық.

22 жастағы ирандық әйел 10 жасында қалай зорлықпен тұрмысқа шыққанын еске алады.

"Жарым түн еді, мен қалың ұйқыда жатқанмын. Көршілер қоңырауды басып, кіріп келді де, қолыма сақина тақты. Солай тұрмысқа шықтым", - деді «Фарда» радиосына (Азаттықтың Парсы қызметі - ред.) сұхбат берген Лейла (есімі өзгертілді).

22-ге енді толған Лейла ес кіргелі тұрмыста. Бұл жөнінен ол жалғыз емес, Иранда ондаған мың қыз бала күнінде тұрмысқа шығады. Мұнда қыздар ата-анасының келісімімен 13 жастан қалыңдық бола алады, ал бұдан да жас қыздардың отасуына сот арқылы рұқсат беріледі. Ұлдар 15 жастан үйлене алады.

Ата-енесімен бір шаңырақта тұрып жатқан Лейланың айтуынша, Шығыс Әзірбайжан аталатын Иранның бұл аймағындағы ауылда әке-шешелері қыздарын 10 жас шамасында зорлықпен күйеуге береді. Лейланың айтуынша, өзі тұрмысқа шығуға мүлде дайын болмаған.

"Не істеп жүргенімді өзім де түсінбедім. Қолымның дірілдеп тұрғаны ғана есімде. Ол мүлде қорыққан жоқ. Ал мен қатты үрейлендім", - деген ол 15 жасар күйеу жігіттің сенімді көрінгенін айтады.

Үйлену тойы мүлде есінде қалмапты, оған бәрі ойын сияқты көрінген. Той біткен соң қыз үйіне, анасының қасына қайтқысы келіп, қапа болыпты.

"Әлиге «ойын бітті» дегім келді. «Ұйықтап алайық, ертең анамның үйіне барып, киім тігуге көмектесемін» деп ойладым", - дейді ол.

Бірақ оны алда ауыр азап күтіп тұр екен. Әли некені толық бекітуді ұйғарыпты.

Бұғанасы бекіп, денесі жетілмеген Лейла алғашқы төсек қатынасы өте ауыр болды деп еске алады.

"Тіпті қазірдің өзінде бұл туралы айта бастасам, қолым дірілдейді. Мен үшін қандай қиын болғанын білсеңіз ғой", - дейді ол.

Ертесінде дәрігер әйел келіп, оның азабын жеңілдетпек болғанымен, ештеңе істей алмапты.

"Ол «бірінші жолы ауырғанымен, кейін жеңілдеп кетеді, күйеуіңмен болған соң тағы да қанаса, уайымдама, мұндай болып тұрады» деп басу айтты", - дейді келіншек.

Айта кетейік, мұндай жағдай Иранда шынымен жиі қайталанып тұрады, БҰҰ қыздардың осындай тағдырға ұшырауын тоқтатуды көздейді.

Тағы оқыңыздар:

Құрылысшылардың көз алдында "ЭКСПО-2017" аумағындағы нысан опырылып түсті (фото, видео)

Əсет Мəмбетов Олимпиада медалін қайтарып бермейтінін айтты

ШҚО-да -30 градус аязда далада түнеген малшы аман қалды (фото)

Қытайдың АҚШ-тағы смартфондар арқылы тыңшылық ететіні әшкере болды

Еліміздегі салықтың 500 есе артуы кәсіпкерлердің қалтасына салмақ түсірді

Ақтауда ер адам балабақшаға баса көктеп кіріп, бүлдіршіндерді қырып саламын деп қорқытқан

Трамптың жеңісіне көңілі толмаған АҚШ халқы сайлау жүйесін түбегейлі өзгертуді талап етпек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1318990-10-zhasynda-uzatylatyn-irandyq-qyz-azapt.html