RU

Қорғаныс министрлігінің қызметкері "Көкшетау аруы -2016" атағын жеңіп алды (фото)

Ақмолалықтар өңірдегі ең сұлу аруды таңдады. "Көкшетау аруы -2016" атағын Жанар Найманбаева жеңіп алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Төрт кезеңнен тұрған байқауда 13 бойжеткен бағын сынады.

Байқау қорытындысы бойынша, бірінші вице-мисс Карина Ермамадоваға, екінші вице-мисс атағы Нұржаухар Нұрмұханға ал үшінші вице-мисс атағы Әлия Бекболатоваға бұйырды.

Байқауға қатысқан барлық бойжеткендерге түрлі номинациялар бойынша атақтар беріліп, сыйлықтар табыс етілді.

Ал байқаудың басты жеңімпазы - Жанар Найманбаева "Қазақстан аруы-2016" байқауында енді Көкшетаудың намысын қорғайтын болады.

Айта кетейік, Жанар Найманбаева Астанада жұмыс істейді. Ол Қорғаныс министрлігінің қызметкері. Сонымен қатар балет театрының әртісі.

Тағы оқыңыздар:

Ресейдегі қазақ губернатор Аман Төлеевтің тағдыры шешіліп жатыр

ЭКСПО аумағында қирап қалған көпірді қалпына келтіруге бір ай уақыт берілді

Әбдірахымов Шымкентте жарысып тойхана салғандарға қатты ашуланды

Есікте Жібек Мусинованы жабылып зорлаған жігіттер жазадан құтылып кетуі мүмкін

Ақтөбеде он жастағы қыз тозығы жеткен үйде үш сіңлісін жалғыз өзі бағып отыр (фото)

Қазақстан туристер үшін Сирия, Ауғанстан, Пәкістан секілді қауіпті елдердің тізіміне енді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1319232-qorghanys-ministrligininh-qyzmetkeri.html