RU

СҚО-да тұрғындар Лениннің атындағы көшелерден әлі құтыла алмай жүр (фото)

Еліміздің солтүстігінде Лениннің атымен аталатын әлі күнге дейін 83 көше бар. Одан қалса, Петропавлдың орталықтарында Комсомол, Октябрь сияқты көше атаулары тіптен қаптап тұр деп хабарлайды 31 арна.

Тұрғындарды ашындыратын да осы мәселе. Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толса да, Алаш қайраткерлеріне бірде бір көше атауларының бұйырмай тұрғаны.

Петропавлда бірнеше жүздеген көшенің көбі әлі ескі атаулардан арылар емес. Олар Кеңес үкіметі кезеңінен бері өзгеріссіз тұр.

Мәселен, Ленин көшесі - 83, Комсомол көшесі - 60-қа жуық. Карл Маркс, Фридрих Энгельс, Либнехт, Коминтерн, Октябрь, Сакко және Ванцетти көшелерінің ондағаны бар.

Одан өзге, атауында мән-мағына жоқ көшелер көп. 1-ші Кирпичный, 3-ші Сенной тағы тағылар. Мамандар бұл көше атауларын ауыстыру көп шығынды қажет етпейді дейді. Барлық құжаттар тегін ауыстырылса, көше атауларының жазуын өзгертуге бірнеше он мың теңге ғана жұмсалатынын айтады.

"Нақты қай жерде, қай елдімекенде қандай көше мынау тоталитарлық есімдері бар сол бойынша аудандарда жұмыс жүргізіліп жатыр. Егер халық келіскен жағдайда ғана бұл атаулар өзгертуге жатады", - дейді СҚО тілдерді дамыту жөнідегі басқарманың ономастикалық жұмыстар бөлімінің басшысы Ернияз Сұлтанов.

Ал жергілікті тұрғындар көше атауларын өзгертуге қарсы емеспіз дейді. Сөздерінше, бір ізділік жүйеге салынған жағдайда бұл мәселені баяғыда-ақ соңына дейін шешіп тастауға болатынын еді. Ал бір кездері көнерген көше атаулары ауыстырылса, қазір бұл жұмыстар тоқтап тұр дейді.

"Бәрі қазақша болып жатқанда өзіміздің ұлттық атауымыз болу керек қой. Қазір мұндай 50 пайызы қазақ. Бұрын азғантай да. Немістер көшті, орыстар кетіп жатыр. Оның орнына шет ауылдардан қазақтар келіп жатыр", - дейді ауыл тұрғындары.

Зиялылар да көше атауларының жартысынан көбі әлі өзгерте алмай келе жатқанымызды айтады . Ал мамандар, облыстағы 650 елдімекеннің 70 пайызы әлі Кеңес кезеңіндегі атаулармен қалғанын айтады.

Тағы оқыңыздар:

Ресейдегі қазақ губернатор Аман Төлеевтің тағдыры шешіліп жатыр

ЭКСПО аумағында қирап қалған көпірді қалпына келтіруге бір ай уақыт берілді

Әбдірахымов Шымкентте жарысып тойхана салғандарға қатты ашуланды

Есікте Жібек Мусинованы жабылып зорлаған жігіттер жазадан құтылып кетуі мүмкін

Ақтөбеде он жастағы қыз тозығы жеткен үйде үш сіңлісін жалғыз өзі бағып отыр (фото)

Қазақстан туристер үшін Сирия, Ауғанстан, Пәкістан секілді қауіпті елдердің тізіміне енді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1319253-soltustik-turghyndary-ali-kunge-deyin.html