RU

Нигерияда тамақ таппаған 75 мың бала аштықтан өлуі мүмкін

Нигерияның солтүстігінде ашаршылықтан таяуда 75 мың бала өліп кетуі мүмкін деп хабарлайды 24.kz.

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманиталық бағдарламасын үйлестірушісі Петер Лундберг мәлімдеді. Себебі, «Боко Харам» қарулы тобының қолынан азат етілген солтүстік-шығыстағы Борно штатын ашаршылық жайлап, 14 миллионға жуық адам көмекке зәру.

Олардың 400 мыңдайы - кәмелет жасына толмағандар. Ал осы аймақтағы 7 жылға созылған үкімет әскері мен экстремистер арасындағы соғыстан ондаған мың адам опат болған. Сондықтан халықаралық ұйым бұл дағдарысты бір өзі шеше алмайтынын да айтты.

Тағы оқыңыздар:

Ресейдегі қазақ губернатор Аман Төлеевтің тағдыры шешіліп жатыр

ЭКСПО аумағында қирап қалған көпірді қалпына келтіруге бір ай уақыт берілді

Әбдірахымов Шымкентте жарысып тойхана салғандарға қатты ашуланды

Есікте Жібек Мусинованы жабылып зорлаған жігіттер жазадан құтылып кетуі мүмкін

Ақтөбеде он жастағы қыз тозығы жеткен үйде үш сіңлісін жалғыз өзі бағып отыр (фото)

Қазақстан туристер үшін Сирия, Ауғанстан, Пәкістан секілді қауіпті елдердің тізіміне енді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1319312-nigeriyada-tamaq-tappaghan-75-mynh-bala-asha.html