RU

Алматыны қалың қар басып қалды (фото, видео)

Өткен түнде Алматыда қалың қар жауды. Оңтүстік астана әкімдігінің ресми парақшасында түні бойы қалада қар тазалау жұмыстары жүргізілгені жазылған деп хабарлайды NUR.KZ.

"Қалада қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, көктайғақты болдырмау мақсатында қала көшелеріне хлорид құмы төгіліп жатыр. Коммуналдық қызметтер бүкіл түнгі ауысымда қар тазалау жұмыстарын жүргізетін болады", - деп хабарлады қалалық әкімшілік.

Қала әкімшілігі тіпті, қаланың түрлі аудандарында түнде тазарту жұмыстары қалай жүргені жайлы фото және видео есепті дайындап қойған.

 Алайда қалалықтар сонда да қолайсыздықтардан құтыла алмады. Жолдарды тазалағанымен, кір араласқан қар үймелері жол жиектерінде бәрібір жиналып қалды. Аялдамалар мен тротуарларға өту қиынға соғуда.

Тағы оқыңыздар:

Алматыны қалың қар басып қалды (фото, видео)

Қорғаныс министрлігінің қызметкері "Көкшетау аруы -2016" атағын жеңіп алды (фото)

Нигерияда тамақ таппаған 75 мың бала аштықтан өлуі мүмкін

Солтүстік тұрғындары әлі күнге дейін Лениннің атымен аталатын 83 көшенің атауын өзгерте алмай келеді (фото)

ЭКСПО аумағында қирап қалған көпірді қалпына келтіруге бір ай уақыт берілді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1319325-almatyny-qalynh-qar-basty-foto-video.html