RU

Әйгілі түрік әншісі Қайрат Нұртастың хит әнін орындап шықты (видео)

Кеше Алматыда өткен "Жыл таңдауы-2016" үздік әндер байқауында Түркияның танымал әншісі Бурай Қайрат Нұртаспен бірге "Байқа" әнін орындады деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматыдағы "Алматы Арена" кешенінде үлкен шоу-концерт өтті. Онда жылдың ең үздік әндері анықталып, оның орындаушылары марапатталды.

Ел назары Түркияның танымал әншісі Бурайдың Қайрат Нұртаспен және Төреғали Төреәлімен бірге айтқан нөмірлерінде болды.

Қайрат Нұртаспен бірге"Байқа" әнінің өзі айтатын бөлігін ол түрік тілінде орындап шықты.

Көрермендер Қайрат пен Бурайдың дуэті өте сәтті шыққан деп бағалап, оны желідегі парақшаларына жүктеп жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Алматыны қалың қар басып қалды (фото, видео)

Қорғаныс министрлігінің қызметкері "Көкшетау аруы -2016" атағын жеңіп алды (фото)

Нигерияда тамақ таппаған 75 мың бала аштықтан өлуі мүмкін

Солтүстік тұрғындары әлі күнге дейін Лениннің атымен аталатын 83 көшенің атауын өзгерте алмай келеді (фото)

ЭКСПО аумағында қирап қалған көпірді қалпына келтіруге бір ай уақыт берілді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1319399-aygili-turik-anshisi-qayrat-nurtastynh.html