RU

Алматыдағы шоуда "МузАрт" тобы сахнаға аюлармен бірге шықты (видео)

Ел сүйіспеншілігіне бөленген "МузАрт" тобы Алматыдағы шоу-концертте аюлармен бірге сахнаға шығып, жұртты таң қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Кеше Алматыда өткен "Жыл таңдауы-2016" үздік әндер байқауында үздіктердің қатарынан көрінген "МузАрт" тобының әншілері сахнаға аюлармен бірге шықты.

Әрине, олар шын аюлар емес, аю киімін киіп алған бишілер.

Мұны көрген көрермендер таң қалды. Желі қолданушылары да бұл нөмірге қатысты түрлі пікірлерін білдірді.

"Неге аюлар?", "Ақ аю керемет болды", "Қызық болды бұл нөмір" - деп жазды таң қалған оқырмандар.

Естеріңізге салсақ, Алматыдағы "Алматы Арена" спорт кешенінде кеше үлкен концерт болып, онда жылдың үздік әндері таңдалды. 200 әншінің ішінен 65 орындаушы таңдалып алынып, олардың ең хит болған әндерін 50 сарапшы анықтады.

Кешке Түркияның танымал әншісі Бурай мен Қытай шоу-бизнесінің қазақ өкілі Арай Айдарханұлы қонақ болды.

Тағы оқыңыздар:

Алматыны қалың қар басып қалды (фото, видео)

Қорғаныс министрлігінің қызметкері "Көкшетау аруы -2016" атағын жеңіп алды (фото)

Нигерияда тамақ таппаған 75 мың бала аштықтан өлуі мүмкін

Солтүстік тұрғындары әлі күнге дейін Лениннің атымен аталатын 83 көшенің атауын өзгерте алмай келеді (фото)

ЭКСПО аумағында қирап қалған көпірді қалпына келтіруге бір ай уақыт берілді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1319503-almatydaghy-shouda-muzart-toby-sakhnagha.html