RU

Шымкенттің ең әдемі тойханасы өртеніп жатыр (фото)

Бүгін таңғы сегізде Шымкенттің өртке қарсы қызметіне Өтегенов көшесінде орналасқан тойхананың өртеніп жатқаны жайлы хабарлама келіп түскен деп жазады ТВК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.

Хабарлама түскен бойда оқиға орнына бірнеше өрт сөндіру техникасы жіберілген. ОҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртті тоқтатуға Шымкент өртке қарсы гарнизонының 11 арнайы машинасы жұмылдырылған. Жалпы алғанда жеке құрамнан 60 адам жұмыс жасауда.

Абырой болғанда оқиғадан зардап шеккен адам жоқ. Қазіргі кезде өрттен неден шыққаны анықталып, шығын көлемі есептеліп жатыр.

Айта кетейік, күні кеше қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентте жарысып тойхана салғандарға қатты ашуланған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Құрылысшылардың көз алдында "ЭКСПО-2017" аумағындағы нысан опырылып түсті (фото, видео)

Əсет Мəмбетов Олимпиада медалін қайтарып бермейтінін айтты

Ақтөбеде ұстазын балағаттаған оқушы 15 мың теңге төлейтін болды

ШҚО-да -30 градус аязда далада түнеген малшы аман қалды (фото)

Қытайдың АҚШ-тағы смартфондар арқылы тыңшылық ететіні әшкере болды

Еліміздегі салықтың 500 есе артуы кәсіпкерлердің қалтасына салмақ түсірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1319551-shymkenttinh-enh-ademi-toykhanasy-orteni.html