RU

Алматыда тоқтамай жауған қардың салдарынан 75 жол апаты болған (фото, видео)

Өткенде түнде жауған қар Алматы көшелерінде кептелістің пайда болуына әкелді. Автокөліктер сағатына 30 км жылдамдықпен қозғалып, өте баяу жүріп жатыр. Қалалық ІІД-нің мәлімдеуінше, жауған қардың салдарынан түнде 75 жол-көлік оқиғасы болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Айта кетейік, Алматы әкімдігі түні бойы қаланы қардан тазарту жұмыстары жүргізілген хабарлаған. Алайда куәгерлер барлық көшелерде қардың тазаланбағанын, жолдарды тазалағанымен, кір араласқан қар үймелері жол жиектерінде бәрібір жиналып қалып жатқанын жазуда.

Қалалық ІІД тоқтамай жауған қардың салдарынан Алматыда бір түнде 75 жол көлік апаты болғанын хабарлап, көлік жүргізушілерін жолда абай болуға шақырды.

«Өткен түні 75 жол көлік апаты тіркелді. Олардың 17 әртүрлі дене жарақтын алған", - дейді қалалық ІІД-нің жергілікті полиция басшысы Жасұлан Байкенов.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО тұрғыны 50 млрд теңгесін қайда жұмсарын білмей, көмек сұрады

Алматыны қалың қар басып қалды (фото, видео)

"МузАрт" тобы сахнаға аюлармен бірге шықты (видео)

Обама Трамп жайлы: Екеуміздің арамыз жер мен көктей

Қазақстанға келген Голландия елшісі Ресейді үлгі тұтпауға шақырды

Қанат Ислам: Мен Канеломен де, Коттомен де кездесуге дайынмын (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1319633-almatyda-otkende-tunde-toqtamay-zhaugh.html