RU

Жезқазғанда 3 миллиард теңгеден астам қаржыны заңсыз жинаған мекеме сот алдына келді (видео)

Электр энергиясын негізсіз қымбаттатып, тұтынушылардың қалтасын қаққан «Жезқазған энергосбыт» кәсіпорыны сотқа тартылды деп хабарлайды Қазақстан ұлттық арнасы.

Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті, кәсіпорынның үстінен шағымданған болатын. Сот тұтынушылар пайдасына шешім шығарғанымен, «Жезқазған энергосбыт» облыстық сотқа аппеляциалық шағым түсірген.

«Жезқазған энергосбыт» мекемесі 2015 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Қарағанды облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті бекіткен тарифке бағынбай, бағаны ерікті түрде көтерген. Айталық тұтынушылар электр энергиясының 1кВт/с үшін 14 теңге 50 тиыннан төлеулері керек еді. Алайда компания қойған қымбат бағаның салдарынан 19 теңгенің сыртында төлеген.

Осылайша халықтан 3 миллиард теңгеден астам қаржаты заңсыз жиналған. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті тұтынушылар мүддесін сотта қорғап, жеңіп шыққан болатын. Компания мұнымен келіспейтінін білдіріп облыстық сотқа аппеляцияға берді. Сот отырсында тараптар қайта тыңдалды.

Екі жылға созылған даулы мәселе облыстық сотта да тұтынушылар мен департаменттің пайдасына шешілді. Енді «Жезқазған энергосбыт» ЖШС ҚР Жоғарғы сотына аппеляцияға бере алады.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда тоқтамай жауған қардың салдарынан 75 жол апаты болған (фото, видео)

Қанат Ислам: Мен Канеломен де, Коттомен де кездесуге дайынмын (фото)

17 жасында миллионер болған қазақ баласы кім?

Немересімен жарысып билеген әжейдің биі жұрттың көңілін көтеріп тастады

Обама Трамп жайлы: Екеуміздің арамыз жер мен көктей

СҚО-да тұрғындар Лениннің атындағы көшелерден әлі құтыла алмай жүр (фото)

Атақты Карповтан жеңіліп қалған 3 жасар шахматшы көз жасын тоқтата алмады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1319694-zhezqazghanda-khalyqtan-3-milliard-tenhge.html