RU

Ыдырысов: ЭКСПО-дағы апатты қайталап айта берудің қажеті жоқ

Кеше орын алған төтенше жағдайға қарамастан ЭКСПО-2017 көрмесi нысандарының бәрi уақытында тапсырылады. Бұл туралы бүгiн журналистерге Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов айтты, деп хабарлайды baq.kz.

Сенат депутаты Асхат Күзековтың айтуынша, ЭКСПО секiлдi күрделi құрылыстар кезiнде әртүрлi жағдай болуы мүмкiн.

«Бұл мәселеге көп көңiл аударудың, менiңше, қажетi жоқ. Өйткенi бәрi ойдағыдай болуы тиiс. Құрылыс тиiстi деңгейде жүрiп жатыр», - дейдi депутат.

«Ешқандай үлкен мәселе жоқ. Бұл аралық конструкция, негiзгi ғимарат емес. Бұл жұмыс процесi. Кез келген құрылыста осындай жағдайлар болып тұрады. Шұғыл әрекет жасалды, қаза тапқандар жоқ. Құрылыс жүрiп жатыр, бәрi уақытында тапсырылады. ЭКСПО бойынша қойылған барлық мiндеттер уақытында орындалады. Кеше нақты түсiнiк берiлдi», - дедi Ыдырысов.

Еске сала кетейiк, кеше Астанада ЭКСПО көрмесі аумағындағы нысандардың бірі опырылып түсті. Құрылысты жүргiзген BI Group компаниясының хабарлауынша, бұл құрылым тек декоративті болып табылады әрі ол ешқандай функционалдық қызмет атқармайды.

Құлаудың салдарынан оның жанындағы павильондарға зиян келген жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда тоқтамай жауған қардың салдарынан 75 жол апаты болған (фото, видео)

Қанат Ислам: Мен Канеломен де, Коттомен де кездесуге дайынмын (фото)

17 жасында миллионер болған қазақ баласы кім?

Немересімен жарысып билеген әжейдің биі жұрттың көңілін көтеріп тастады

Обама Трамп жайлы: Екеуміздің арамыз жер мен көктей

СҚО-да тұрғындар Лениннің атындағы көшелерден әлі құтыла алмай жүр (фото)

Атақты Карповтан жеңіліп қалған 3 жасар шахматшы көз жасын тоқтата алмады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1319860-ydyrysov-ekspo-2017-kormesi-aumaghyndaghy-o.html