RU

Назарбаев Бауыржан Байбекті Ақордаға шақыртты (фото)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Кездесуде Байбек мемлекет басшысына 2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық барысы туралы баяндады.

Алматы қаласының әкімі универсиаданы өткізуге дайындықтың кестеге сәйкес жүріп жатқанын айтты.

Сондай-ақ, Бауыржан Байбек Қазақстан президентіне алдағы универсиадаға әлемнің 57 елінің өкілдері қатысуға ниет білдіргенін мәлімдеді. Әкімнің айтуынша, Халықаралық студенттік спорт федерациясы Универсиада-2017 студенттік ойындар тарихындағы ең ірі жарыс болуға тиіс деп болжап отыр.

Бұдан бөлек, Байбек Нұрсұлтан Назарбаевты Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы барысынан хабардар етті. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша, қаланың өңірлік жалпы өнім көлемі 2,8%-ға артқан, шағын және орта бизнесті несиелеу 35%-ға өсіп, 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған, сондай-ақ қаланың шағын және орта бизнес субъектілері өнімінің көлемі 30%-ға артқан.

Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда тоқтамай жауған қардың салдарынан 75 жол апаты болған (фото, видео)

Қанат Ислам: Мен Канеломен де, Коттомен де кездесуге дайынмын (фото)

17 жасында миллионер болған қазақ баласы кім?

Немересімен жарысып билеген әжейдің биі жұрттың көңілін көтеріп тастады

Обама Трамп жайлы: Екеуміздің арамыз жер мен көктей

СҚО-да тұрғындар Лениннің атындағы көшелерден әлі құтыла алмай жүр (фото)

Атақты Карповтан жеңіліп қалған 3 жасар шахматшы көз жасын тоқтата алмады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1319936-nazarbaev-bauyrzhan-baybekti-aqordgha.html