RU

Меруерт Түсіпбаева: Күйеуіме ақша ұсынып, мені бір түнге сұрағандар да болды

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева бұрынғы күйеуіне ақша ұсынып, бір түнге әйелін беруін сұрағандар бар екенін "Жұлдыздар отбасы" журналына айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

2009 жылы берген сұхбатында әнші қазіргі ер адамдардың ұсақталып кеткеніне назар аударған.

Мәселен, оның күйеуіне ақша ұсынып, әйеліңді бір түнге бер деп қолқа салғандар да өмір жолында кездескен екен.

"Жолдасыммен енді ғана бас қосқан жылдары екеуміз бір тойға бардық. Сонда менің күйеуімді сыртқа шақырып алып: «Мен саған пәлен мың доллар төлеймін. Әйеліңді бір түнге бер», – деген де ұятсыздар болған", - дейді әнші.

Еркектер тарапынан сұқтанғандар көп болғанын сөз еткен әнші: "Шалбар кигеннің бәрін еркек деп айта алмаймын! Кейбір азаматтар дөрекілік те көрсетіп жатады. Ашық айтқаным үшін кешіріңіз, «сатулы адамдар» деп ойлап, арам ойын іске асырғысы келетіндері қаншама?!", - деді Меруерт.

Айта кету керек, сұхбаттың толық нұсқасы «Жұлдыздар отбасы» журналының 2009 жылғы №15 (56) санында.

Сұхбаттасқан Әлия Құдайбергенова

Тағы оқыңыздар:

Алматыда тоқтамай жауған қардың салдарынан 75 жол апаты болған (фото, видео)

Қанат Ислам: Мен Канеломен де, Коттомен де кездесуге дайынмын (фото)

17 жасында миллионер болған қазақ баласы кім?

Немересімен жарысып билеген әжейдің биі жұрттың көңілін көтеріп тастады

Обама Трамп жайлы: Екеуміздің арамыз жер мен көктей

СҚО-да тұрғындар Лениннің атындағы көшелерден әлі құтыла алмай жүр (фото)

Атақты Карповтан жеңіліп қалған 3 жасар шахматшы көз жасын тоқтата алмады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1320004-meruert-tusipbaeva-kuyeuime-aqsha-usy.html