RU

Атышулы Ninety One жігіттері құлақтарынан сырғасын шешіп тастады (видео)

Ел аузына жиі ілігетін отандық топтардың бірі Ninety One Алматыдағы концертке стилін өзгертіп келіп, тыңдарманын таң қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматыда өткен үздік әндер байқауы ерекше өтті. Ерекше шоу өтетінін продюсер Жан Мұқанов та, "Қазақстан" Ұлттық арнасының атқарушы продюсері Ләйлә Сұлтанқызы да баспасөз конференциясында айтып өткен болатын. Бірақ, ел аузына іліккен Ninety One тобы көрерменін таң қалдырады деп ешкім ойламаған еді.

Концерт сахнасына олар сырға тақпай, классикалық үлгідегі бірыңғай қара костюм киіп шықты.

"Қалай қарайсың" деп аталатын әнін жігіттер биcіз орындады.

Жуырда шаштарының түсін қараға бояп тастаған жігіттердің бұл әрекетін тыңдармандары қолдап шықты. Олар топ мүшелерінің мұнысы өздерін сынап-мінегендерге көрсеткен қарсылығы деп түсінді.

Үздік әннің орындаушылары ретінде айрықша аты аталған аталған топтың бұл өзгерісін кеш жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы да айналып өтпеді.

"Сырға қайда, бояу қайда, би қайда?", - деп сұрақ қойды таң қалған ол топ мүшелеріне.

Ләйләнің бұл сұрағына топ мүшесі: "Бәрі үйде", - деп жауап берді.

Естеріңізге салсақ, олардың киім киісі, бет-әлпетіне қарсы топтар оларға қарсы үндеу тастап, концертіне бармауға шақырған еді. Соның салдарынан топтың Шымкент, Ақтөбе, Қызылордадағы концерттері болмай қалған.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда тоқтамай жауған қардың салдарынан 75 жол апаты болған (фото, видео)

Қанат Ислам: Мен Канеломен де, Коттомен де кездесуге дайынмын (фото)

17 жасында миллионер болған қазақ баласы кім?

Немересімен жарысып билеген әжейдің биі жұрттың көңілін көтеріп тастады

Обама Трамп жайлы: Екеуміздің арамыз жер мен көктей

СҚО-да тұрғындар Лениннің атындағы көшелерден әлі құтыла алмай жүр (фото)

Атақты Карповтан жеңіліп қалған 3 жасар шахматшы көз жасын тоқтата алмады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1320156-atyshuly-ninety-one-zhigitteri-qulaqtarynan-syr.html