RU

Отандық телеарналар мен радиолар ішімдікті жарнамалауға рұқсат сұрап отыр

Қазақстанда телеарналар мен радиоларда сыра, сыра өнімдері мен шарапты кешкі сағат 10-нан таңғы сағат 6-ға дейін жарнамалауға рұқсат етуді ұсынды деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Жарнама туралы заңға алкогольдік өнімдер маркаларын жарнамалауға қайтадан рұқсат беруді қарастыратын өзгерістер енгізу жобасы мәжілістің жұмысшы тобына түсті.

Азаттыққа берген комментариінде Ақпарат және коммуникация вице-министрі Алан Әжібаев ұсыныс телеарналардың өзінен түскенін айтты.

"Қазіргі жарнама нарығындағы қиындықтарды ескере отырып көпшілігінен тағы да айтамын, сыра, алкоголі әлсіз сусындар емес, сауда маркаларының жарнамасын жарнамалауды енгізу туралы ұсыныс түсті. Тек осы тұрғыда және оның өзі бизнестен шығып отыр", - деді Алан Әжібаев.

Ұсынылып отырған өзгеріске сай, сыра, сыра сусыны мен шараптан басқа алкогольді және темекі өнімдерін жарнамалауға тыйым салынады.

Қолданыстағы заң бойынша, алкогольді өнім атауы ретінде танымал сауда белгілері элементтерін пайдалану арқылы тауар мен қызметті жарнамалауға тыйым салынады.

Екі жыл бұрын Астана жарнамаға қатысты басқа ұстанымда болған. Ол кезде тіпті БАҚ-та алкоголь өнімін жасырын жарнамалаудың өзін жоюды ұсынып, 2014 жылы жарнама туралы заңға тиісті өзгеріс жасалған.

Қазақстанда алкогольді өнімдерді жарнамалауға 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап тыйым салынған.

Тағы да оқыңыздар:

Модельдік мансабын тастап, бар өмірін отбасына арнаған "Қазақстан аруы" кім?

Ыдырысов: ЭКСПО-дағы апатты қайталап айта берудің қажеті жоқ

Ақтауда жұбайының кесірінен жоғары қызметтегі шенеунік лауазымынан айырылып қалды

Ақтөбеде қыздарын жұмысқа тұрғызу үшін $20 мың пара берген шенеунік санын соғып қалды

Қазақстанда терактінің алдын алатын ақпарат берген адамға 2 млн-нан көп сыйақы берілмек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1320329-qazaqstanda-alkogol-onimderininh-zha.html