RU

2017 жылдан қазақстандықтар өздерінің ескі көліктерінің орнына жаңа автокөлік алуы мүмкін

Елімізде утилизация бағдарламасы бойынша ескі машинаны арнайы сертификаттарға айырбастауға болады. Яғни аталмыш сертификат отандық автомобильді сатып алуға мүмкіндік береді. Жаңа бағдарлама 2017 жылдан бастап жұмыс істеуі мүмкін деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында «Оператор РОП» ЖШС-ның басқарушы директоры Рустам Темирбек мәлімдеді.

«Сертификат бойынша заңдағы актілерге өзгертулер дайындалып жатыр. Тиісті ұсыныс қаралған соң, 2017 жылдың 1-ші желтоқсанында бұл бастама қолға алынады деген ойдамын. Екі бағдарламаны қатар жүргізетін боламыз. Яғни утилизация бағдарламасы бойынша ескі машинаны арнайы сертификаттарға айырбастауға болады. Аталмыш сертификат тек отандық автомобильді сатып алуға мүмкіндік береді. Жеңіл автокөліктер бойынша 315 мың. Бір автокөлікті сатып алуға екі сертификат жарауы мүмкін. Нәтижесінде екі сертификаттағы ақшаның көлемі 600 мың теңгені құрайды. Сертификатты кез келген отандық автоөндірушіге көрсетіп, өзіңізге ұнаған көлікті сатып алуға болады», - деді басшы.

Айта кетейік, аталмыш бағдарлама 2016 жылдың қазанынан жұмыс істеуі қажет болған.

Тағы да оқыңыздар:

Модельдік мансабын тастап, бар өмірін отбасына арнаған "Қазақстан аруы" кім?

Ыдырысов: ЭКСПО-дағы апатты қайталап айта берудің қажеті жоқ

Ақтауда жұбайының кесірінен жоғары қызметтегі шенеунік лауазымынан айырылып қалды

Ақтөбеде қыздарын жұмысқа тұрғызу үшін $20 мың пара берген шенеунік санын соғып қалды

Қазақстанда терактінің алдын алатын ақпарат берген адамға 2 млн-нан көп сыйақы берілмек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1320399-2017-zhyldan-qazaqstandyqtar-ozderininh-es.html