RU

$73 млн-ға дүркіретіп той өткізген үнділік жұп қонақтарына алтыннан шақырту қағаз жіберді (видео)

Үндістанда Кейт пен Уильям ханзаданың тойын шаң қаптырған жас жұбайлар әлемдегі ең қымбат той өткізіп жатыр. Бұл туралы NUR.KZ порталы шетелдік басылымдарға сілтеме жасап хабарлайды.

Аста төк тойға 50 мың қонақ шақырылып, £ 59 миллионға жуық ақша (шамамен 73 396 876 доллар) жұмсалды. Тойды күзетуге 3000 күзетші мен 300 полиция қызметкері келген.

Салыстырмалы түрде қарасақ, Кейт пен Уильям ханзаданың тойына £ 20 миллион ғана жұмсалған.

Брахмани Редди есімді бойжеткен мен оның сүйіктісі Раджив Реддидің тойын дүркіретіп өткізуге тау магнаты Джахардан Редди себепкер болды. Бес күнге созылатын той 16 қараша күні басталды.

Тойда Болливудтың көптеген жұлдыздары өнер көрсететін болады. Ауқымды мереке Үндістанның оңтүстігіндегі Бангалора сарайында өтіп жатыр.

Тойдың шақырту қағаздары алтын жалатылған. Онымен қоса шақырту қағаздарына жас жұбайлардың бейнежазбасын көрсетіп тұратын кішігірім телеэкран орнатылған.

Іс-шараның барысын Болливудтың сегіз директоры бақылауда ұстайды. Тойға шамамен 60 млн £ жұмсалады деп күтілуде. Шақырту қағаздарына £ 118000, қалыңдықтың той сариіне £ 2 млн, оның әшекейлеріне £ 10,5 млн кетеді.

Видео: mirror.co.uk

Тағы да оқыңыздар:

Модельдік мансабын тастап, бар өмірін отбасына арнаған "Қазақстан аруы" кім?

Ыдырысов: ЭКСПО-дағы апатты қайталап айта берудің қажеті жоқ

Ақтауда жұбайының кесірінен жоғары қызметтегі шенеунік лауазымынан айырылып қалды

Ақтөбеде қыздарын жұмысқа тұрғызу үшін $20 мың пара берген шенеунік санын соғып қалды

Қазақстанда терактінің алдын алатын ақпарат берген адамға 2 млн-нан көп сыйақы берілмек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1320425-73-mln-dollargha-durkiretip-toy-otkizgen.html