RU

Нұрлан Ноғаев торт сатып алған ауыл дүкенінің жұмысы жүріп кетті (видео)

Бірнеше ай бұрын Нұрлан Ноғаев Атырау облысының аудандарын аралап шығып, халықпен кездесіп, мұң-мұқтажын тыңдаған еді. Сол сапарының барысында облыс әкімі Тұщықұдық ауылындағы тәтті тағамдар сататын дүкенге бас сұққан болатын деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Аймақ басшысының қандай көмек керек деген сауалына кәсіп иесі Райхан Ермұханова жаңадан сатып алған пештерін іске қосу үшін қуаты 380 вольт тоқ керек екенін айтып, осы мәселені шешуге жәрдемдесуін сұраған еді.

Осы әңгімеден соң бірнеше күннен кейін тоқ тартылып, кәсіпкер жұмысын жаңа қарқынмен бастады. Оның айтуынша, өндірісті кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр.

Ауылдық кәсіпкер "Жұмыспен қамту 2020" бағдарламасы аясында 3 миллион теңге несие алған. Ол кейін осы ақшаға цех салып, қажетті құрал-жабдықтарын сатып алыпты.

Айта кетелік, жазғы сапарында Нұрлан Ноғаев осы цехтан 2 мың теңгелік торт сатып алған еді.

"Шағын және орта бизнеске қолдау біздің басты жұмысымыз. Кәсіпкерлерге көмекті аямаймыз", - деген еді сонда аймақ басшысы.

Тағы да оқыңыздар:

Модельдік мансабын тастап, бар өмірін отбасына арнаған "Қазақстан аруы" кім?

Ыдырысов: ЭКСПО-дағы апатты қайталап айта берудің қажеті жоқ

Ақтауда жұбайының кесірінен жоғары қызметтегі шенеунік лауазымынан айырылып қалды

Ақтөбеде қыздарын жұмысқа тұрғызу үшін $20 мың пара берген шенеунік санын соғып қалды

Қазақстанда терактінің алдын алатын ақпарат берген адамға 2 млн-нан көп сыйақы берілмек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1320553-nurlan-noghaev-tort-satyp-alghan-auyl-du.html