RU

Қарағанды облысында мал іздеп шыққан азамат із-түзсіз жоғалып кетті

Қарағанды облысында 63 жастағы азамат із-түзсіз жоғалып кетті. Ол бес күн бұрын екі серігімен мал іздеп шыққан деп хабарлайды "Қазақстан" арнасы.

Үшеуі де Павлодар облысының Екібастұз аймағының тұрғындары. Сол күндері қалың қар жауып, аяз көтерілген болатын. Көліктері сынып, далада қалған соң-- жақын маңдағы елдімекенге дейін жаяулатады. Әнуарбек Нұрғазинов денсаулығына байланысты орта жолдан көлікке кейін қайтып, сонда күтпекші болған. Осыдан соң Әнуарбек Нұрғазинов із-түзсіз жоғалған.

"Айдалада екі күн отырған. Ешқандай көлік өтпеген соң олар жақын маңдағы елді-мекенге жаяу жетуді жөн көрген. 5 шақырым жүрген соң әкем машинаға қайтып, көмекті күтетінін айтқан. Қасындағы 2 адам Едірей ауылына жеткен. Сол күні қар қалың түскендіктен ізін жоғалтып алдық", - дейді Әнуарбек

"Қарағанды облысының төтенше жағдай департаментінен арнайы іздестіру тобы жіберілді. Ол жедел құтқару жасағы, сондай-ақ үлкен қарларда жүретін көлік жіберілді", - дейді ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Қуаныш Мүтәллапов.

Ал синоптиктердің айтуынша еліміздің кей өңірлерінде ертең -40 градус аяз болады.

Тағы да оқыңыздар: 

Модельдік мансабын тастап, бар өмірін отбасына арнаған "Қазақстан аруы" кім?

Нұрлан Ноғаев торт сатып алған ауыл дүкенінің жұмысы жүріп кетті (видео)

2017 жылдан қазақстандықтар өздерінің ескі көліктерінің орнына жаңа автокөлік алуы мүмкін

Пәндердi ағылшын тiлiнде жүргiзетiн ұстаздардың жалақысы өседi

Той қонақтарының көзінше алғашқы неке түнін өткізген жас жұбайлар жаға ұстатты (видео +18)

$73 млн-ға дүркіретіп той өткізген үнділік жұп қонақтарына алтыннан шақырту қағаз жіберді (видео)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1320643-qaraghandy-oblysynda-mal-izdep-shyqqan.html