RU

"Бәйтерек" холдингінде парамен ұсталғандардың бірі мәжіліс экс-спикерінің ұлы болып шықты

28 млн теңге парамен ұсталған "Бәйтерек холдингі" басшыларының бірі мәжілістің экс-спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы болып шықты деп хабарлайды КТК арнасы.

Қолдарына кісен салынғандардың бірі холдингтің еншілес компаниясы «Бәйтерек Development-тің» басқарма төрағасының орынбасары Аслан Жақыпов. 40 жастағы топ-менеджер мәжілістің экс-спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы болып шықты.

Ол «Бәйтерек Development-тің» басқарушы директорлары Бауыржан Әйтімбетов және Ғазиз Сариевпен ауыз жаласып «Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қыруар қаржыны тендерден кәсіпкерлерге алып беру үшін ауысбастырық алып отырған.

Естеріңізге салсақ, топ-менеджерлердің үшеуі де кезекті 28 миллион теңгені алу сәтінде қолға түсті. Бұл ақшаға Павлодар қаласында бюджеттің 3 миллиард теңгесіне салынып жатқан 9 қабатты үйдің актісіне қол қойып бермек болған.

Тағы да оқыңыздар:

Модельдік мансабын тастап, бар өмірін отбасына арнаған "Қазақстан аруы" кім?

Ыдырысов: ЭКСПО-дағы апатты қайталап айта берудің қажеті жоқ

Ақтауда жұбайының кесірінен жоғары қызметтегі шенеунік лауазымынан айырылып қалды

Ақтөбеде қыздарын жұмысқа тұрғызу үшін $20 мың пара берген шенеунік санын соғып қалды

Қазақстанда терактінің алдын алатын ақпарат берген адамға 2 млн-нан көп сыйақы берілмек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1320664-bayterek-kholdinginde-paramen-ustalgh.html