RU

Бесіктегі сәбиді аяусыз ұрған әйел Өзбекстаннан табылды

Нәрестені аяусыз сабаған әйел Өзбекстанда ұсталды деп хабарлайды КТК арнасы.

Келіншек сол елдің азаматы болып шықты.

Кінәсын де бірден мойындаған. Оның мұндай әрекетке бару себебі анықталуда. Еліміздің Ішкі істер министрлігі озбыр келіншекті жауапқа тарттыру мәселесін де көтеріп отыр. Қазір соған байланысты халықаралық құжаттар дайындалып жатыр екен.

Айта кетейік, жантүршігерлік видео әлеуметтік желіде жуырда ғана таралған болатын. Дегенмен, ол бірнеше ай бұрын түсірілген. Онда әйелдің бейкүнә сәбиді бетінен тоқтаусыз ұрып жатқаны анық көрінеді.

"Аталған Өзбекстан азаматы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен және еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған. Осыған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарының аясында оны жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде", - деді Қазақстанның ІІМ өкілі Алмас Сәдубаев.

Тағы да оқыңыздар:

Модельдік мансабын тастап, бар өмірін отбасына арнаған "Қазақстан аруы" кім?

Ыдырысов: ЭКСПО-дағы апатты қайталап айта берудің қажеті жоқ

Ақтауда жұбайының кесірінен жоғары қызметтегі шенеунік лауазымынан айырылып қалды

Ақтөбеде қыздарын жұмысқа тұрғызу үшін $20 мың пара берген шенеунік санын соғып қалды

Қазақстанда терактінің алдын алатын ақпарат берген адамға 2 млн-нан көп сыйақы берілмек

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1320676-besiktegi-sabidi-ayausyz-urghan-ayel-oz.html