RU

Таразда сегіз жастағы қызды зорлаған азғын сот алдына келді

Таразда сегіз жастағы қызды азаптап, зорлық жасаған азғынға қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды КТК арнасы.

Жеткіншекті азаптап, мүгедек қылған педофил сол күйі кінәсін мойындаған жоқ. Бірақ үкім шығарарда судья нақты айғақтар ғана сүйенген.

Судья Айгүл Мәлікованың айтуынша, қылмыс жан-жақты зерттеліп, дәлелденіп отыр.

"Эксперттің барлығы сот биологиялық, сот медициналық, сот молекулярлық-генетикалық эксперттің барлығында, қыздың жыныстық жағынан ДНК-лар табылып отыр. Жаңағы сперма, сперматозоидтар  дегендер. Қылмыстық іс жан-жақты обьективті тұрғыда дәлелденді", - деді ол.

Айта кетейік, оқиға сәуір айында Шөлдала ауылында болған. Екінші сынып оқушысына өз үйіне таяқ тастам жердегі қараусыз жатқан баспанада белгісіз біреу ойына келгенін істепті.

Күдікті ретінде 29 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны ұсталған. Бетін жасырып әлекке түскен педофил бір отбасын күл-талқан етті.

Зорланған 8 жастағы қыз бірнеше операциядан кейін мүгедек болып қалса, перзентінің көрген азабына шыдамаған әкесі өзіне қол салып, асылып өлген. Сұмдық оқиғаны ұмыттыру үшін жеткіншектің шешесі оны Ақтауға алып кетіпті. Қазір сонда білім алып жатыр.

Қылмыскер Қуанышбек Байтұрсынов болса, бұған дейін де қыз зорлап, істі болған. Ал бұл жолы 22 жылға сотталды.

Тағы да оқыңыздар:

Модельдік мансабын тастап, бар өмірін отбасына арнаған "Қазақстан аруы" кім?

Ыдырысов: ЭКСПО-дағы апатты қайталап айта берудің қажеті жоқ

Ақтауда жұбайының кесірінен жоғары қызметтегі шенеунік лауазымынан айырылып қалды

Ақтөбеде қыздарын жұмысқа тұрғызу үшін $20 мың пара берген шенеунік санын соғып қалды

Қазақстанда терактінің алдын алатын ақпарат берген адамға 2 млн-нан көп сыйақы берілмек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1320678-tarazda-segiz-zhastaghy-qyzdy-zorlaghan.html