RU

Жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған бойжеткен баласын өзі тәрбиелегісі келеді

Алматы облысында шақалақты әжетханаға тастап кеткен көкек анаға қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды КТК арнасы.

Жаңа туған баласынан осылай жабайы түрде құтылмақ болған ол енді бір жарым жыл бостандық көрмейді. 24 жастағы Алтынай Ақжолтаева жазасын енді жалпы тәртіптегі түрмеде өтеуі тиіс.

Жұрттың жағасын ұстатқан жайт Алматы облысындағы Ақши ауылында шілде айында болды. Жүктілігін жасырған бойжеткен нағашы әжесінің үйіне қонаққа келіп, толғағы қысқан соң ауладағы әжетханада босанған. Бірақ шақалақты бауырына баспай, шұңқырға тастаған.

Құдай сақтап, Қарлығаш деген есім берілген нәресте аман қалды. Қазір ол балалар үйінде. Ал тергеу кезінде 4 жарым ай темір торда отырған Ақжолтаева өз кінәсін мойындап, өкінгенімен, жазадан құтыла алмады.

"Кешіріңіздер. Бұлай боларын білмедім. Әжетханаға тастағым келмеді. Қызымды өзім тәрбиелегім келеді", - дейді Алтынай Ақжолтаева.

Тағы да оқыңыздар:

Қостанайда полицей мүгедек әйелді ажалдан құтқарып қалды

Экстремал тәтті тоқашты шайға батыру үшін 70 метр биіктіктен секірді

Дональд Трамптан айнымайтын құс "қанатты Трамп" атанып кетті

$73 млн-ға дүркіретіп той өткізген үнділік жұп қонақтарына алтыннан шақырту қағаз жіберді (видео)

Той қонақтарының көзінше алғашқы неке түнін өткізген жас жұбайлар жаға ұстатты (видео +18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1320860-almaty-oblysynda-zhanha-tughan-sabiin-azh.html