RU

Павлодарда 5 миллионға салынған екі орындық әжетхана жұрттың түсінбестігін туғызды

Павлодарда ең қымбат дәретхана ашылды. Орталық жағалауда қойылған екі орындық әжетхананың құрылысына 5 жарым миллион теңге жұмсалған деп хабарлайды КТК арнасы.

Бірақ осынша қаржы кеткеніне қоғам белсенділерінің сенгісі жоқ. Сондықтан олар іске құзырлы органдарды араластыру қажет дейді. Құрылысына миллиондар құйылған дәретхана Павлодардың орталық жағалауынан орын тепкен.

Ішінде жылу, жарық, ыстық су да бар. Темір кабиналардағы былықты жуып-шаюдан шаршаған шенеуніктер шаһар тазалығын сақтау үшін осындай қадамға барыпты.

Бес миллионға салынған дәретханада жағымсыз иістерді тартып алатын арнайы құрылғы да орнатылған. Құрылғылардың арасында шетелдік өнімдер де жоқ емес. Жұрттың қамын ойлаған шенеуніктер аязға қарамастан, қазір мұнда су мен жылу желілерін тартып қойған.

Су жаңа дәретхананың тазалығына мұндағы кассир жауапты. Әзірге әжетхана құны жиырма теңгеге бекітіліп отыр. Ол қыстыгүні кешкі сағат тоғызда жабылса, жазда түнгі он бірге дейін жұмыс істемек.

"Бүгіннен бастап түскі уақыттан сағат сегіз, тоғызға дейін жұмыс істейді. Бес жарым миллион бағасы мынаның, суын қосқанда кәрізін қосқанда жарығын бәрін. Біз ойлаймыз бұл қымбат емес. Мынау енді екі жылда өзін ақтауы тиіс", - дейді Павлодар қаласы тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Асылхан Көпешев.

Қайта бастапқыда 7 миллион теңге жұмсауды жоспарлаған әкімдіктегілер кейін біраз үнемдеуді жөн санап, дәретхана үшін бюджеттен 5 миллион 400 мың теңге бөлінген. Тек мұны естігендер дәретхананы жасауға осынша ақша кетті дегенге сенбейді.

"Дағдарыс кезінде 5 миллионға дәретхана салу - орынсыз шығын. Өңірде балалар мен ересектер онкологиялық ауруларға шалдығуда. Артық ақшалары болса, неге соларға бөлмейді? Қаржының қалай, қайда кеткенін құзырлы органдар тексерсін", - дейді құқық қорғаушы Юрий Павленко.

Ал әкімдіктегілер қазір нысанды кімнің меншігіне береміз деп бас қатыруда. Айтуларынша, бюджет қаржысына салынған дәретхана жеке қолға да берілуі мүмкін. Сондай-ақ, қымбат дәретхананың қауіпсіздігі үшін мұнда күзетші қойылмақ. Әрі алдағы уақытта Павлодардың ірі саябақтарында осы тектес бірнеше нысан тұрғызылады деп жоспарлануда.

Тағы да оқыңыздар:

Қостанайда полицей мүгедек әйелді ажалдан құтқарып қалды

Экстремал тәтті тоқашты шайға батыру үшін 70 метр биіктіктен секірді

Дональд Трамптан айнымайтын құс "қанатты Трамп" атанып кетті

$73 млн-ға дүркіретіп той өткізген үнділік жұп қонақтарына алтыннан шақырту қағаз жіберді (видео)

Той қонақтарының көзінше алғашқы неке түнін өткізген жас жұбайлар жаға ұстатты (видео +18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1320866-pavlodarda-5-milliongha-salynghan-eki.html