RU

Атырауда оқушы қызды басынан ұрған мұғалімнің қызметі төмендеді

Атырауда мектеп оқушысына қол көтерді деген тәрбие ісінің меңгерушісі лауазымынан төмендетілді. Құлағы ауырып жүрген қызымның мектеп дәлізінде бас киіммен жүргенін ұнатпаған ұстаз, баламның басынан ұрды, - дейді Гүлзира Серікқалиева.

Тіпті мұғалімнің бесінші сынып оқушысына қол көтергені бейнебақылау камерасына жазылып қалған деп хабарлайды 31 арна.

Аты дардай Қаныш Сәтпаев атындағы мына мектептің мұғалімі оқушы қызға қол жұмсайды. Қаршадай қызға қоқан-лоқы көрсеткен ұстаздың оспадарлығын бейнежазбадан анық көруге болады.

Қызының жазықсыз таяқ жегеніне көз жеткізген Гүлзираның айтуынша, мектептегі бассыздыққа басшылық жауап беру керек. Ол үшін тиісті орындарға шағымын да түсірген. Бірақ, қызы Фатимаға қол көтерген тәрбие ісінің меңгерушісі Малика Арсыланбекқызы кешірім сұраудың орнына өзін кіналаған көрінеді.

"Сенің балаң тәрбиесіз, балаңды дұрыстап тәрбиеле. Мен сенің балаңды тіптен ұрған жоқпын" деді. Келесі күні видеодан баламды соққанын көргенде өзім шошып кеттім", - дейді оқушы қыздың анасы Гүлзира Серікқалиева.

Ал мектеп директоры бұл оспадарлықтың алдын алу үшін мектеп мұғалімдеріне түсінік жұмыстарын жүргіздік дейді.

"Балаларға жеке шара қолданбай, ата-аналарын шақыртып алып, сол ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сол арқылы ғана осы аталған мектептегі тәрбие ісі жөніндегі жұмыстардың атқарылуға тиісті екені айтылды", - деді  Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп директоры Жәнібек Сәтбергенов.

"Сәтпаев мектебінде бір факті орын алды. Бұл жөнінде зерделеу жұмыстары жүргізілді. Осы зерделеу жұмысының нәтижесінде осы педагогқа қатысты мәселе қаралып, лауазымынан төмендетілді", - дейді  Атырау қалалық білім беру бөлімінің сектор меңгерушісі Орынгүл Қуандықова.

Бірақ қызымыз таяқ жеді деген бесінші сынып оқушысының анасы «Тиісті орындар әділ шешім шығарсын. Оқушыға қол көтерген ұстаз жұмыстан түбегейлі босатылсын» дейді.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақ тілінің аянышты жағдайына күйінген қарағандылық студент жан айқайын жеткізді

Желтоқсанда қазақстандықтар жарты айға жуық уақыт демалады

Оңтүстікте пәтер кезегінен алынып тасталған мүгедек отбасылар өлместің күйін кешіп жүр

Қазақстанда салафизмге заңмен тыйым салынуы мүмкін

Жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған бойжеткен баласын өзі тәрбиелегісі келеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1321007-atyrauda-oqushy-qyzdynh-basynan-urghan-m.html