Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезөкшелерді заңдастырып, оларға зейнетақы төлейтін 15 ел

Опубликовано:

Жезөкшелікті заңдастыру жөніндегі дау кез келген қоғамның басты мәселелерінің бірі болып келеді. Кейбір мемлекеттерде кәмелетке толған екі адам өзара келісіммен кез келген қадамға бара алады. Ол жақтарда жезөкшелік жасырын емес, ашық түрде жүргізіліп отыр. Сонымен, ол қай елдер?

Дания

Бұл елде жезөкшелік екінші жұмыс ретінде қарастырылады. Сондықтан дат жезөкшесі күндіз балаңыздың мұғалімі болып қалуы ғажап емес.

Бразилия

Бразилияда да бұл қызмет заңдастырылған. Сондықтан турситер бұл жаққа қызық іздеп келеді. Алайда елде ВИЧ инфекциясы өршіп тұр.

Бангладеш

Бангладешта бұл қызмет түрін тек әйелдер атқарады. Алайда заңды айналып өткен ер адамдар да жиі кездеседі.

Боливия

Боливияда бұл қызмет заңдастырылғанымен жергілікті жұрт бұған түбегейлі қарсы. Олар жезөкшелерді ВИЧ инфекциясын таратушы, ажырасу санының күрт өсуіне кінәлі деп айыптайды.

Белиз

Белиздік жезөкшелер заңды әдемі айналып өтуде. Олардың заңында жезөкшелікке тыйым салынбаған, сондай-ақ оған рұқсат та берілмеген.

Бельгия

Бұл ел жезөкшелікті алғаш болып заңдастырған мемлекет. Ал бордельдерінің әдемілігі көздің жауын алады. Жезөкшелер салық төлеп, тіпті зейнетақылық қор жинап жатыр.

Чили

Чилиде жезөкшелік толығымен заңдастырылған. Жезөкшелердің құқығы 2009 жылдан бері қорғалып келеді.

Эквадор

Эквадорда да жезөкшелікке жол берілген. Мұнда кәмелетке толған екі адам өзара ымыраға келе алады.

Финляндия

Бұл елде жезөкшелерге рұқсат етілген, алайда олар қалың көпшіліктің көзінен таса жүруі тиіс.

Колумбия

Колумбияның экономикасы гүлденбесе де, жезөкшелік индустрия мұнда жақсы жолға қойылған. Мұнда жеке жезөкшелермен қатар, жезөкшелер үйлері де бар.

Жаңа Зеландия

Мұнда жезөкшеліктің заңдастырылғанына он жылдан асып кетті. Басты талап - қызмет ұсынушының да, тұтынушының да жасы 18-ден жоғары болуы тиіс.

Коста-Рика

Мұнда әлемдегі ең сұлу жезөкшелер тұрады деген аңыз бар.

Сингапур

Сингапурда жезөкшелікке арналған арнайы аудан - қызыл шамды көшенің бойында ғана рұқсат.

Голландия

Голландия жезөкшелікті 2000 жылдары заңдастырды. Сөйтіп Еуропадағы секс-туризм орталығына айналды.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақ тілінің аянышты жағдайына күйінген қарағандылық студент жан айқайын жеткізді

Желтоқсанда қазақстандықтар жарты айға жуық уақыт демалады

Оңтүстікте пәтер кезегінен алынып тасталған мүгедек отбасылар өлместің күйін кешіп жүр

Қазақстанда салафизмге заңмен тыйым салынуы мүмкін

Жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған бойжеткен баласын өзі тәрбиелегісі келеді

Қайрат Нұртастың анасы продюсерлікті қойып, тележүргізушілікке бет бұрды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1321058-zhezokshelerdi-zanhdastyryp-olargha-zey/

pixel