RU

Қызылордада өрттен жапа шеккен отбасы мүшелері өмір үшін арпалысуда (фото +18)

ЕСКЕРТУ: Жүрегі әлсіз адамдарға жантүршігерлік жайттың фотосын қарауға кеңес бермейміз!

Қызылорда облысында газ баллонының жарылуы салдарынан зардап шеккен бүтін бір отбасы бүгінде үлкен қиындықтарды бастан өткеруде. Қайғылы жайтқа душар болған ерлі-зайыпты мен балақайлардың аяқтан тұруына халықтың көмегі қажет деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Жарылыс кезінде үйде болған барлық отбасы мүшелері зардап шекті. Балаларын құтқармақ болған әйелдің денесін қатты күйік шалған. Балалардың әкесі де көптеген дене жарақаттарымен өзге емханада жатыр. Олардың аяқтан тұруына ұзақ уақыт пен күтім керек. Емделуіне қаражат жетпей жатыр. Тіпті оңалғаннан кейін үйіне оралуына да мүмкіндік жоқ. Себебі өрттен үйдің сау тамтығы қалмаған", - дейді отбасының жантүршігерлік жағдайымен бөліскен желідегі "Дом Милосердия Жомарт" парақшасы.

"Жалған ақпарат таралып кетті. Олардың анасы мен әкесі қаза болды деп айтылды. Алайда олар тірі, жансақтау бөлімінде жатыр. Бүкіл отбасы жансақтау бөлімінде. Көмектесем деушілер келесі нөмірге хабарласа алады:  87073964342 . Азамат", - деп жазылған парақшада.

Қол ұшын созғысы келетіндер келесі реквизиттерге қаражат жолдай алады:

Жанахметулы Азамат.  ИИН 930707302291

Қызылорда. АО Казком. Карта нөмірі: 4177 7900 3259 9818

Қызылорда. Kaspi bank. Карта нөмірі: 4863 9001 1594 9538

Фото отбасының рұқсатымен түсірілді.

Тағы да оқыңыздар:

Қостанайда полицей мүгедек әйелді ажалдан құтқарып қалды

Экстремал тәтті тоқашты шайға батыру үшін 70 метр биіктіктен секірді

Дональд Трамптан айнымайтын құс "қанатты Трамп" атанып кетті

$73 млн-ға дүркіретіп той өткізген үнділік жұп қонақтарына алтыннан шақырту қағаз жіберді (видео)

Той қонақтарының көзінше алғашқы неке түнін өткізген жас жұбайлар жаға ұстатты (видео +18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1321142-qyzylorda-oblysynda-ortten-zhansaqta.html