RU

Алтынай Жорабаева елде жоқ тон киіп алды (фото)

Танымал әнші Алтынай Жорабаева Алматыда өткен концертте елде жоқ тон киіп алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол желідегі парақшасына сурет жүктеп, айрықша киім киісімен жұртты таң қалдырды.

Бұл суретте ол "Самал" тобы және қытайдан келген қазақ әншісі Арай Айдарханұлымен бірге түскен.

Алтынайдың айтуынша, оның түрлі аң терілерінен құрап тігілген бұл тоны танымал әлемдік бренд Fendi-дікі. Айрықша аяқ киімі де дәл осы брендке тиесілі екен.

Оның бұл образын көрген желі қолданушылары таңданыстарын жасырмады.

"Бастан-аяқ мамыққа оранып алыпсыз ғой", "Аяқ киім мен тон, оған қоса жасыл сөмке, үшеуі үйлеспей тұр", "Өте керемет, сізге бәрі де жарасады", - деп жазды олар.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақ тілінің аянышты жағдайына күйінген қарағандылық студент жан айқайын жеткізді

Желтоқсанда қазақстандықтар жарты айға жуық уақыт демалады

Оңтүстікте пәтер кезегінен алынып тасталған мүгедек отбасылар өлместің күйін кешіп жүр

Қазақстанда салафизмге заңмен тыйым салынуы мүмкін

Жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған бойжеткен баласын өзі тәрбиелегісі келеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1321218-altynay-zhorabaeva-elde-zhoq-ton-kiip-al.html