RU

Ақтөбеде алты жастағы баланың жыныс мүшесін ит тістеп алды

Ақтөбеде  жыныс мүшесін ит тістеп алған алты жастағы бала шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Ол құтырмадан екпе алып, жыныс мүшесін тіктіруге мәжбүр болған деп хабарлайды kerek-info.kz.

Сотқа түскен шағымда көрсетілгендей, оқиға биыл 24 тамызда болған. Алты жастағы баланы көшеде ойнап жүрген жерінен ит тістеп алады. Жеңіл дене жарақатын алған балабақша тәрбиеленушісі балалар ауруханасында бір апта ем алды. Дене мүшесін үш жерден тіктіруге мәжбүр болыпты.

Ауруханаға жатып, ем алғандықтан алты жастағы бала бірінші класқа да бармай қалған. Баласының денсаулығына зақым келген ана сотқа шығамданды. Ол ит иесінің кешірім сұрамағанын және шығынды өтемегенін айтады.

Әйел өз шағымында оқиғадан кейін баласының психологиялық соққы алып, бәрінен қорқатын күйге түскенін айтады. Анасы ит иесінен 20 мың теңге материалдық шығын мен 5 миллион теңге моральдық шығын талап етіп отыр. Азаматтық іс таяуда сотта қаралмақ.

Тағы да оқыңыздар:

Қостанайда полицей мүгедек әйелді ажалдан құтқарып қалды

Экстремал тәтті тоқашты шайға батыру үшін 70 метр биіктіктен секірді

Дональд Трамптан айнымайтын құс "қанатты Трамп" атанып кетті

$73 млн-ға дүркіретіп той өткізген үнділік жұп қонақтарына алтыннан шақырту қағаз жіберді (видео)

Той қонақтарының көзінше алғашқы неке түнін өткізген жас жұбайлар жаға ұстатты (видео +18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1321269-aqtobede-alty-zhastaghy-balanynh-zhynys-m.html