RU

Қостанайда бұрынғы әкімнің қымбат мейрамханасы мен сауда үйі сатылымға шығады

21 қараша күні Қостанай экс-әкімінің сауда үйі мен мейрамханасы электронды сатылымға шығарылады. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Ахмедбек Ахмеджанов сыбайластарымен бірге ағымдағы жылдың сәуірінде жемқорлық үшін сотталған болатын. Содан бері олардың тәркіленген мүліктері туралы ешқандай хабар болмаған.

Ал бүгінде мүліктердің алғашқы сатылымы жүргізілетіні белгілі болды. Ең алдымен экс-әкімнің мейрамханасы мен сауда үйі сатылады. Кейін бизнесмен Леонид Васильевтің 37 жылқысы мен қымбат Lexus көлігі, екі айфон мен бір айпад сатылымға шығарылмақ.

Әкімнің тағы бір "Метрополь" мейрамханасын мемлекеттік корпорацияның орналасуы үшін қолданысқа береді. Ахмеджановтың үйі мемлекеттік тұрғын үй қорына өтті. Оны кезекте тұрған көпбалалы отбасына береді немесе жетім балалар үйіне айналдырады.

Еске салсақ, 50 жастағы Ахмедбек Ахмеджановқа қатысты іс процесі 2016 жылдың 25 қаңтарында басталған болатын. Лауазымды шенеунікке аса ірі көлемде пара алды деген айып тағылған. Сонымен қатар әкімнің екі орынбасары да қамалған болатын.

Экс-әкім қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша айыпты деп танылып, қатаң режимдегі колонияда 13 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақ тілінің аянышты жағдайына күйінген қарағандылық студент жан айқайын жеткізді

Желтоқсанда қазақстандықтар жарты айға жуық уақыт демалады

Оңтүстікте пәтер кезегінен алынып тасталған мүгедек отбасылар өлместің күйін кешіп жүр

Қазақстанда салафизмге заңмен тыйым салынуы мүмкін

Жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған бойжеткен баласын өзі тәрбиелегісі келеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1321375-qostanay-eks-akimininh-sauda-uyi-men.html