RU

Ақтөбеде кондуктор 55 теңге үшін жасөспірімді аяусыз соққыға жықты

Ақтөбеде кәмелетке толмаған жасөспірімді ер адам "жолақысын төлемедің" деген желеумен соққыға жыққан. Соққы салдарынан колледж оқушысының ерні жарақаттанды деп жазады kerek-info.kz.

Оқиға 9 қарашада болған. Сол күні кешкілік 17 жастағы колледж оқушысы оқудан үйіне қайтып келе жатады. Болашақ ауданындағы аялдамада сыртқа шыққан жасөспірімді № 7 автобустың кондукторы "55 теңгені төлемедің" деп соққыға жыққан. Алайда ер бала өзінің жолақысын төлегенін айтады.

"Мен жолақысын төледім. Алдымда тұрған қыздан беріп жібердім. Аялдамаға келгеннен кейін сыртқа шыққан едім. Кондуктор мені "жолақысын төлемедің" деп бетімнен ұрып жіберді. Ернім қанап қалды. Ауруханаға барып, алғашқы дәрігерлік көмек алдым. Кондуктор шамамен 25 жаста. Алайда көлік нөмірін байқаған жоқпын", - дейді аты-жөнін атағысы келмеген жасөспірім.

Тілшілер істің мән-жайын білмек болып “Автопарк” ЖШС-не хабарласқан. Кәсіпорын заңгері Руслан Жылқаманов мұндай оқиғаның болғанына күмәнмен қарап отыр. Өйткені "Автопарк" ЖШС-не келген шағымданушы өзін ұрған кондукторды қызметкерлердің ішінен тани алмаған.

"11 қараша күні құқық қорғау қызметкерлері "Автопарк" ЖШС-не келді. Біз штатта және штаттан тыс жұмыс істейтін кондукторлардың тізімін бердік. Шағымданушы кондукторларды көргенмен, өзін ұрған адамды тани алмады. Бұл оқиғаның болған болмағаны белгісіз. Ешқандай дәлел жоқ", - дейді ол.

Баласы соққыға жығылған ана полицияға шағым түсірген. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақ тілінің аянышты жағдайына күйінген қарағандылық студент жан айқайын жеткізді

Желтоқсанда қазақстандықтар жарты айға жуық уақыт демалады

Оңтүстікте пәтер кезегінен алынып тасталған мүгедек отбасылар өлместің күйін кешіп жүр

Қазақстанда салафизмге заңмен тыйым салынуы мүмкін

Жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған бойжеткен баласын өзі тәрбиелегісі келеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1321384-aqtobede-konduktor-55-tenhge-ushin-zhasosp.html