RU

ОҚО-да бейтаныс ер адам алты жасар қызды ауыл сыртына алып кеткен

ОҚО-да құрылысшы 6 жасар қызға азғындық әрекет жасамақ болған.

Бұл туралы ТВК-ға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Оқиға 15 қараша күні Бәйдібек ауданында болған. Бүлдіршін туыстарының айтуынша, бейтаныс ер адам мектептен қайтып келе жатқан 6 жасар қыз баланы көлігіне отырғызып, ауыл сыртына алып кетеді.

Ер адамның ауыл сыртында не істегені әзірге белгісіз. Қыз бала үйіне аман-есен оралған, әйтсе де, еш себепсіз оқушыны ауыл сыртына алып кеткен ер адамның әрекеті үлкен күдік туғызып отыр.

Тергеу кезінде оқушы күдіктінің көлігі мен түрін таныған. Ер адам ауыл тұрғыны емес, ауылда нәпақа тауып жүрген құрылысшы болып шықты. Бүгінде тергеу амалдары жалғасуда.

Тағы да оқыңыздар:

Қызылордада өрттен жапа шеккен отбасы мүшелері өмір үшін арпалысуда (фото +18)

Жезөкшелерді заңдастырып, оларға зейнетақы төлейтін 15 ел

Қазақ тілінің аянышты жағдайына күйінген қарағандылық студент жан айқайын жеткізді

Қайрат Нұртастың анасы продюсерлікті қойып, тележүргізушілікке бет бұрды (фото)

Бұрынғы Білім және ғылым министрі ұлды болды

Алтынай Жорабаева елде жоқ тон киіп алды (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1321413-oqo-da-beytanys-er-adam-alty-zhasar-qyzd.html