RU

АҚШ-та ыстық суға түсіп кеткен жігіттің мәйіті еріп кетті

АҚШ-тағы Йеллоустон ұлттық саябағында орналасқан ыстық су көзіне түсіп қайтыс болған жігіттің мәйіті құтқарушылар келгенше езіліп, еріп кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл оқиға туралы BBC телеарнасына жергілікті билік өкілдері хабарлаған.

Олардың айтуынша, 7 маусымда 23 жастағы жігіт әпкесімен бірге «қауіпті аймақ» деген белгіге қарамастан Норрис гейзерлік бассейніне түсіп шығуды ойлайды.

Сейбл Скотт бауырының суды ұстап көріп жатқан кезінде тайып құлап кеткен сәтін ұялы телефонына түсіріп алыпты.

Құтқарушылар оқиға болған күні қараңғы түсіп, жауын басталып кеткендіктен судан жігіттің мәйітін алып шыға алмайды. Келесі күні ер адамның мәйітін табу мүмкін болмады.

Құтқарушылардың сөзінше, түнімен қышқылдығы жоғары суда жатқан жігіттің мәйіті еріп кеткен.

Тағы да оқыңыздар:

Қызылордада өрттен жапа шеккен отбасы мүшелері өмір үшін арпалысуда (фото +18)

Жезөкшелерді заңдастырып, оларға зейнетақы төлейтін 15 ел

Қазақ тілінің аянышты жағдайына күйінген қарағандылық студент жан айқайын жеткізді

Қайрат Нұртастың анасы продюсерлікті қойып, тележүргізушілікке бет бұрды (фото)

Бұрынғы Білім және ғылым министрі ұлды болды

Алтынай Жорабаева елде жоқ тон киіп алды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1321441-aqsh-ta-ystyq-sugha-tusip-ketken-zhigitti.html