RU

Алдағы уақытта тағы бірнеше шенеунік жемқорлық бойынша қамауға алынуы мүмкін

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, еліміздің шенеуніктері «Нұрлы жол» бағдарламасын пайданың көзіне айналдырып алған.

Естеріңізге салайық, кеше аталған мемлекеттік бағдарламаға бөлінген қыруар қаражатты жымқырды деген айыппен «Бәйтерек» холдингінің 3 лауазымды менеджері ұсталған болатын. Олардың қатарында мәжілістің бұрынғы спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы да бар.

Ал, Қайрат Қожамжаров болса қамауға алынатын шенеуніктердің саны тағы артуы мүмкін екенін айтып отыр. Бүгін журналистерге сұхбат берген агенттік төрағасы «Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қаражатқа қол салғандар туралы пікірін білдірген еді.

«Бұл коррупциялық жүйе бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келген. Осы қоғамдастықтың аясында. Өздеріңізге белгілі, "Нұрлы жол" біздің ел үшін үлкен басымдыққа ие бағдарлама. Сондықтан біз оған бөлінген қаражатқа бақылауды үнемі жүргізіп келеміз. Менің ойымша, бұл іске қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғалардың қатары тағы артады. Оны тергеу көрсетеді. Тергеу сондай-ақ, пара берген аймақтарды да, жеке кәсіпкерлерді де анықтайтын болады», - дейді Қожамжаров.

Тағы оқыңыздар:

Танымал диктор: Орнымды «крышасы» мықты біреуге босатып беруге мәжбүр болдым

Қостанайда бұрынғы әкімнің қымбат мейрамханасы мен сауда үйі сатылымға шығады

Ақтөбеде кондуктор 55 теңге үшін жасөспірімді аяусыз соққыға жықты

ОҚО-да бейтаныс ер адам алты жасар қызды ауыл сыртына алып кеткен

Бұрынғы Білім және ғылым министрі ұлды болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1321560-aldaghy-uaqytta-taghy-birneshe-iri-sheneu.html