RU

Ердоған лаңкестердің қолтығына су бүркіп отырған мемлекеттерді атады

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Пәкістан мемлекетіне жасаған арнайы іссапары барысында парламент отырысына қатысып, ИШИМ лаңкестік ұйымы жайында өзінің өткір пікірлерін білдірді деп хабарлайды Muslim.kz.

Түрік басшысы лаңкестердің қару-жарақ шығармайтынын айта келе олардың қолтығына су бүркіп отырған Батыс мемлекеттері екенін жайып салды.

«Олар – мұсылмандардың қанын төгіп жатқан қандықол қылмыскерлер. Олардың тамырымен қоса құрту керек. Олай болмаған жағдайда, не Түркияда, не Пәкістанда, жалпы Ислам әлемінде тыныштық орнайды деу ақылға сыймайды», – дейді ол.

Түрік басшысы «Әл-Каида»мен Ишим лаңкестік ұйымдары Ислам дініне қарсы бағытталған күрестегі әлдекімдердің қолындағы құрал екенін де атап өтті.

Тағы оқыңыздар:

Сәбиін ауясыз ұрып, Қазнетті дүрліктірген әйел Қазақстанға ақша табу үшін келген

Алдағы уақытта тағы бірнеше шенеунік жемқорлық бойынша қамауға алынуы мүмкін

Шымкенттегі түнгі клубта адам атып өлтіргендер ұсталды (фото)

30-дан аспай жатып әлемдегі ең бай спортшы атанған кім?

Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, аздап боран соғады

Параға "Айфон" алған ақтөбелік полицей сотталып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1321684-erdoghan-islamnynh-basty-dushpanyn-atad.html