RU

Ресейде жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен қазақ студентін анасы шарқ ұрып іздеуде (фото)

Омбы қаласында 21 жастағы павлодарлық іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бүгін Instagram желісінде Омбы қаласының мемлекеттік техникалық университетінде бағдарламашы мамандығы бойынша оқып жүрген екінші курс студенті, павлодарлық Ақтілек Мадировтың жоғалып кеткені туралы хабар тарала бастады.

"Соңғы рет Ақтілекті 31 қазан күні жатақхананың кезекшісі көрген. Бұл күні ол достарымен кинотеатрға барған екен. Кейін жатақханаға оралып, сағат 23.30-да далаға шығып кеткен. Десе де, жатақхананың кезекшісі осындай уақытта оны шығармауы тиіс еді. Ол Ақтілекті дүкенге бара жатыр деп ойлаған. Осыдан кейін оны ешкім көрген жоқ. Мен Омбы қаласындағы Қазақстанның елшісіне және жергілікті құқық қорғау органдарына өтініш жаздым", - деді жігіттің анасы Әлия Мадирова.

Полицияның мәліметінше, 31-қазаннан кейін Ақтілек шекарадан өтпеген. Кеше ғана полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде ақпарат таратуға рұқсат берді. Павлодарлық еріктілер де өз көмегін ұсынып отыр. Олар Омбы қаласының еріктілерден Ақтілекті іздестіруде қол ұшын беруді сұрайды.

Павлодарда Ақтілек соңғы рет 27 қазанда болған. Ал, 8-қараша күні анасының туған күніне келуге уәде берген.

Айта кетерлігі, Ақтілектің бойы 2 метр, арықша келген, шашы қара. Соңғы рет үстінде қара күртеше мен джинс шалбары және ақ спорттық аяқ киім болған. Ақтілек оң қолында күміс жүзік тағып жүр.

Тағы оқыңыздар:

Сәбиін ауясыз ұрып, Қазнетті дүрліктірген әйел Қазақстанға ақша табу үшін келген

Алдағы уақытта тағы бірнеше шенеунік жемқорлық бойынша қамауға алынуы мүмкін

Шымкенттегі түнгі клубта адам атып өлтіргендер ұсталды (фото)

30-дан аспай жатып әлемдегі ең бай спортшы атанған кім?

Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, аздап боран соғады

Параға "Айфон" алған ақтөбелік полицей сотталып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1321717-reseyde-zhumbaq-zhaghdayda-zhoghalyp-ketk.html