RU

Жаңа вице-министр шенеуніктер туралы қатып қалған көзқарастың күл-талқанын шығарды

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалған Арман Рамазанов спортпен айналысып, жер жаһанға саяхат жасағанды жақсы көреді. Жаңа қызметке тағайындалған шенеунік белсенді түрде желіге фотоларын салып отырады деп хабарлайды NUR.KZ.

Жаңа вице-министр 1978 жылы 18 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келген. Оның үш жоғарғы білімі бар. 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін инженер мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылдан бастап 2006 жылға дейін С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде қаржы мамандығы бойынша білім алған.

Рамазанов спортпен белсенді түрде айналысып тұрады. Оны желіге салған суреттерінен көруге болады.

Осы жылдың сәуір айында Арман Рамазанов "Iron man" сайысында бірінші орынды жеңіп алған. Ол бұл туралы Facebook парақшасында хабардар етті.

Бұрын Рамазанов "Crossfit" сайысы бойынша да жеңіске жеткен болатын.

Вице-министр сонымен қатар шетелге барған сапарларынан желіге суреттер салып, оны көпшілікпен бөлісіп отырады. Мәселен шендінің Литва,  Австрия, Түркия және Қытай сынды мемлекеттерде болғанын көруге болады.

Рамазанов 7 шілдеде ұлы өмірге келгенін Facebook парақшасында жазып, халықтан сүйінші сұраған. Вице-министрдің жұбайының есімі - Ләйла. Ол 32 жаста.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалғанға дейін Арман Рамазанов президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарды.

Тағы оқыңыздар:

Сәбиін ауясыз ұрып, Қазнетті дүрліктірген әйел Қазақстанға ақша табу үшін келген

Алдағы уақытта тағы бірнеше шенеунік жемқорлық бойынша қамауға алынуы мүмкін

Шымкенттегі түнгі клубта адам атып өлтіргендер ұсталды (фото)

30-дан аспай жатып әлемдегі ең бай спортшы атанған кім?

Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, аздап боран соғады

Параға "Айфон" алған ақтөбелік полицей сотталып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1321738-zhanha-vice-ministr-sheneunikter-turaly.html