RU

Қаскелеңде жастар арасындағы төбелесте 17 жастағы бозбала қаза тапты

Қаскелеңде жастар арасында болған төбелесте оқ атылып, 17 жастағы бозбала қаза тапты. Ол жергілікті мектептердің бірінде жоғары сыныпта оқыған.

Бұл туралы Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Skifnews.kz порталы хабарлайды.

Қанды оқиға 17 қарашада "Арман" автостанциясында орын алыпты.

"Жастар тобы өзара ерегісіп, оның арты төбелеске айналған. Олардың бірі өзімен қару-жарақ әкеліп, онымен атқан", - дейді тәртіп сақшылары.

Полицейлердің мәліметінше, қазір нақты қандай қарудың атылғаны анықталып жатыр.

Орын алған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 99 бабымен (Адам өлтіру) іс қозғалған. Облыстық ІІД басшылары бұл қылмыстың тергеу барысын жіті қадағалауына алғанын айтып отыр.

Қазір кісі өліміне қатысы бар деген екі күдіктіге іздеу жарияланыпты. Екеуі де жергілікті тұрғындар.

Тағы оқыңыздар:

Сәбиін ауясыз ұрып, Қазнетті дүрліктірген әйел Қазақстанға ақша табу үшін келген

Алдағы уақытта тағы бірнеше шенеунік жемқорлық бойынша қамауға алынуы мүмкін

Шымкенттегі түнгі клубта адам атып өлтіргендер ұсталды (фото)

30-дан аспай жатып әлемдегі ең бай спортшы атанған кім?

Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, аздап боран соғады

Параға "Айфон" алған ақтөбелік полицей сотталып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1321783-qaskelenhde-17-zhastaghy-bozbalany-atyp-ta.html