RU

Қазақстанда аяз одан әрі күшейе түседі

Қазгидромет 19-21 қараша демалыс күндері қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын болжады деп хабарлайды NUR.KZ.

Сібірдің солтүстік аудандары үстінде қалыптасқан суық және ауқымды антициклонның салдарынан Қазақстанда нағыз қысқы ауа райы орнады.

Алдағы демалыс күндері республикада аяз арктикалық ауаның жаңа үлестерінің келуімен күшейетін болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнгі температура 30-35º-қа дейін жетіп, кей жерлерде -40º аяз болуы мүмкін. Ал батыста 20-28º аяз күтілуде.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында да қар, кей жерлерде өте күшті шығыстық жел, боран күтілуде. Ауа температурасы алдағы үш тәулікте Қазақстанның барлық аумағында климаттық мәннен төмен 13-20ºС сақталады.

Тағы оқыңыздар:

Жаңа вице-министр шенеуніктер туралы қатып қалған көзқарастың күл-талқанын шығарды (фото)

Ресейде жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен қазақ студентін анасы шарқ ұрып іздеуде (фото)

Сәбиін ауясыз ұрып, Қазнетті дүрліктірген әйел Қазақстанға ақша табу үшін келген

Бұрынғы әйелінің мазасын ала берген ақтөбелік азамат ақыры түрмеден бір-ақ шықты

Танымал журналист қытай жігітінің құшағында тұрған суретін жария етті (фото)

Қаскелеңде жастар арасындағы төбелесте 17 жастағы бозбала қаза тапты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1321804-qazaqstanda-ayaz-odan-ari-kusheye-tused.html