RU

Кішкентай сириялық қыздың туындысы миллиондаған адамның жүрегін тебірентті (фото)

Сегіз жасар сириялық суретші қыз Мария Баргути өз туындыларының бірінде соғыстан кейінгі Сирияның бейнесін көрсетеді. Бұл әлем бойынша миллиондаған адамның жүректеріне қозғау салды деп жазады muslim.kz.

Мария Дамаск қаласында ата-анасымен бірге тұрады. Әкесі Бассем Бургати қызын жаңалықтардан жырақ етуге тырысатынын айтады. Күн сайынғы бомбалау, бейбіт тұрғындар өлімі, өшкен өмір, талқандалған тағдырлар – Сирияның бес жылдан бергі көрінісі.

Мария өзінің кейбір шығармаларын соғыс тақырыбына арнаған. Өзінің айтуынша, ол бейбіт күннің соңғы болған сәтін еске түсіре алмайды. Себебі, соғыс оның үш жасында басталған.

«Соғыс деген не?» деген сауалға Мария: «Бұл адамдар арасындағы сүйіспеншілік жоғалғанда болатын жағдай» деп жауап берген. Суретші қыз бір туындысында талқандалып, жарық түскен жерді инемен тігіп отырған әйелді бейнелеген.

Тағы оқыңыздар:

Ешқашан жеңілмеген чемпион: Рингке енді шықпаймын, сұрай бермеңіздер

Прокурор 5 маусым күні Ақтөбені дүрліктірген лаңкестерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады

Ресейде қып-қызыл болып аққан өзенді жұрт «ақыр заманның» белгісі деп атады (фото)

Путиннің тозығы жеткен көлігі саудаға қойылды (фото)

Ең қуатты әскері бар әлемдегі 10 мықты мемлекет

Қазақстанда аяз одан әрі күшейе түседі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1321929-kishkentay-siriyalyq-qyzdynh-tuyndysy-m.html