RU

Ішкі Істер министрі «ЭКСПО-дағы» көпірдің қасақана құлатылуы мүмкін екенін айтты

«ЭКСПО»-да қирап қалған көпірге қатысты дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрлігі құрылыс аумағындағы апат болған жерді жіті тексеріп жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.

"Қазір техникалық сараптама жүргізіп жатырмыз. Себебін анықтайық, кейін шешім шығарамыз. Біреу қасақана кесіп тастаған шығар. Немесе құрылыс материалы сапасыз болуы мүмкін. Барлығын анықтаймыз", - дейді Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Астанадағы халықаралық көрме өтетін аумақтағы әсемдік үшін салынған 90 метрлік көпір опырылып қалған еді. Өткел тура Қазақстанға тиесілі ұлттық нысан мен шетелдіктерге арналған павильонды байланыстырып тұрған.

«ЭКСПО» аймағындағы апат түскі уақытта болғандықтан адам шығыны жоқ. Көпірді салған "BI Group" оқыс оқиғаға қатысты бірнеше болжам жасады.

Құрылыс компаниясы басшысының айтуынша, нысанды жобалағанда қате кеткен, құрылыс талаптары бұзылған немесе материал сапасыз болуы мүмкін. Қалай болғанда да, келген шығынды "BI Group" өзі өтейді.

Тағы оқыңыздар:

Ешқашан жеңілмеген чемпион: Рингке енді шықпаймын, сұрай бермеңіздер

Прокурор 5 маусым күні Ақтөбені дүрліктірген лаңкестерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады

Ресейде қып-қызыл болып аққан өзенді жұрт «ақыр заманның» белгісі деп атады (фото)

Путиннің тозығы жеткен көлігі саудаға қойылды (фото)

Ең қуатты әскері бар әлемдегі 10 мықты мемлекет

Қазақстанда аяз одан әрі күшейе түседі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1321965-ishki-ister-ministri-ekspo-daghy-kopi.html