RU

АҚШ-та көз жұмған отандасымыз дер кезінде ауруханаға жеткізілмеген

АҚШ-та көз жұмған қазақстандық студент дер кезінде ауруханаға жеткізілмеген болып шықты деп хабарлайды КТК арнасы. 

Себебі, 26 жастағы Еркін Балғымбаевтың медициналық сақтандыруы болмапты. Сондықтан есінен танып құлап қалғанда ғана Хьюстондағы емханалардың біріне жеткізілген. Бірақ жерлесіміз сол бойы ес жимастан жан тапсырған.

26 жастағы жігіттің АҚШ-қа білім қуып барғаны белгілі болды. Хьюстондағы оқу орындарының бірінде оқитын Еркін Балғымбаев 15 қараша күні көз жұмған.

Марқұмның артында екі баласы мен әйелі қалды. Қазір еліміздің Сыртқы істер министрлігі оның денесін елге әкелуге күш салып жатыр.

"Қазіргі таңда қайтыс болу себептері анықталуда. Біздің АҚШ-тағы елшілік туыстарына тиісті көмек көрсетуде. Тиісті құжаттар жиналуда. Денесін Қазақстанға жеткізу бойынша тиісті мәселелер пысықталуда", - дейді СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Тағы оқыңыздар:

Ешқашан жеңілмеген чемпион: Рингке енді шықпаймын, сұрай бермеңіздер

Прокурор 5 маусым күні Ақтөбені дүрліктірген лаңкестерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады

Ресейде қып-қызыл болып аққан өзенді жұрт «ақыр заманның» белгісі деп атады (фото)

Путиннің тозығы жеткен көлігі саудаға қойылды (фото)

Ең қуатты әскері бар әлемдегі 10 мықты мемлекет

Қазақстанда аяз одан әрі күшейе түседі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1321983-aqsh-ta-koz-zhumghan-otandasymyz-der-kezi.html