RU

Өркениеттен қалып қойған тайпа ұшақты көріп есі шықты

Оңтүстік Американың джунглилерінде өмір сүретін, жоғалып кетуге шақ қалған тайпаның суреттері жарияланды. Олар алғаш рет ұшақты көріп, есі шығып кетті.

Моксихатетима (Moxihatetema) тайпасының өкілдері Бразилияның солтүстігіндегі Амазонка тропикалық ормандарында өмір сүреді. Венесуэла шекара маңына жақын жерде тұратын олар өркениеттен мүлдем алыстап қалған.

Олар малока деп аталатын жеке ауыл секілді бөлек әлемде өмір сүреді. Өзге адамдармен байланысқа түсуден қашқақтаған тайпа өкілдерін ұшақ арқылы суретке түсіріп алған. Себебі олар бөтен адамдармен тілтесуден қаша жөнеледі екен.

Бұл суреттерден ұшақтағы камераға найзасын қадауға оқталған ер адамды көруге болады.

Ол тіпті өзінің найзасын камераға қарай лақтырып та жібереді.

Тайпаның өзге өкілдері болса, өздеріне қызық әрі қорқынышты болып көрінген ұшаққа таңырқай қарап тұрғаны анық көрінеді.

Моксихатетима - бұл осы аймақты мекендейтін яномамо тайпаларының бірі. Оларды жергілікті билік үнемі бақылап, қадағалап отырады. Сонымен бірге, билік оларды заңсыз алтын өндірушілерден де қорғауды өз мойнына алған.

Дереккөз: deadbees.net

Тағы оқыңыздар:

Президенттің 96 жастағы көршісі оның қандай бала болғанын айтып берді

«Алматы Тауэрс» директорының қамауға алынуы адвокатының түсінбестігін туғызды

Мәжіліс жиынында Бас прокурор мен министр бір-бірінің кемшілігін жайып салды

Бокстан әлем чемпионы үйлену тойын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Атырауда лауазымды орындарды сатқан шенеунік темір торға қамалмайтын болды

Өркениеттен қалып қойған тайпа ұшақты көріп есі шықты

Той қонақтарының көзінше алғашқы неке түнін өткізген жас жұбайлар жаға ұстатты (видео +18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1322136-orkenietten-qalyp-qoyghan-taypa-ushaqt.html