RU

Қалың жауған қардан Алматыдағы көліктер кептелістен шыға алмай қалды (фото, видео)

Қазақстанның оңтүстік астанасында жауған қалың қардан көліктер кептелістен шыға алмай жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Түні бойы жауған қалың қардан көліктердің жүрісі қиындап, тұрғындар әбігерге түсуде.

Ал Алматы әкімдігі Instagram парақшасында арнайы техникамен тазаланып жатқан көшелердің суреттерін салып, есеп беріп жатыр.

Facebook желісінің қолданушылары қала көшелерінде орын алған қалың кептелістен суреттер жариялауда.

Facebook қолданушысы Goryachev Anatoliy "Алматы - Что? Где? Когда?" парақшасына сурет салып, жазба қалдырды.

"Егер қаладағы қар кеше тазаланса, онда неге Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында қалың қар жатыр? Адамдар автобустан түскен бойда омбы қарға батып жатыр", - деп наразы болды ол.

Nurik Nussupbekov есімді желі қолданушысының айтуынша, қар тазалау техникалары Райымбек даңғылына, Саин мен Шаляпин көшелеріне жетпеген.

Ал, ІІМ ТЖҚ баспасөз қызметі болса, қаланың таулы аудандарында 19-20 қарашада қар көшкіні болуы мүмкін екен айтып дабыл қағуда.

Ведомство баспасөз қызметі тұрғындарды абай болуға шақырды.

Тағы оқыңыздар:

Президенттің 96 жастағы көршісі оның қандай бала болғанын айтып берді

«Алматы Тауэрс» директорының қамауға алынуы адвокатының түсінбестігін туғызды

Мәжіліс жиынында Бас прокурор мен министр бір-бірінің кемшілігін жайып салды

Бокстан әлем чемпионы үйлену тойын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Атырауда лауазымды орындарды сатқан шенеунік темір торға қамалмайтын болды

Өркениеттен қалып қойған тайпа ұшақты көріп есі шықты

Той қонақтарының көзінше алғашқы неке түнін өткізген жас жұбайлар жаға ұстатты (видео +18)

Аргентинада мыңдаған адам президентке қарсы шеруге шықты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1322334-qalynh-zhaughan-qardan-almatydaghy-kolik.html